Теміржолшы болуды армандадым

Бекжан Жиенбетов, Атырау станциясының бас инженері:

– Мен үшін теміржолшы болу – өте маңызды. Мен 2009 жылы Алматы қаласынан М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын аяқтан сон теміржол саласына 2009 дылы қыркүйек айында орналастым. Міне 12 жыл теміржол саласында еңбек етіп келемін. Осы 12 жыл ішінде пойыз қабылдаушы, пойыз құрастырушы, станция кезекшсі, пойыз диспетчері және 2016 жылдың наурыз айынан Атырау станциясының бас инженері болып қызмет етудемін.

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.