©Rail-news.kz

Биыл теміржол көлігімен 190 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

2021 жылдың 9 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша тиеу 190 млн.тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% жоғары. Ішкі қатынаста 123 млн.тонна (+1%), экспортқа — 66,6 млн. тонна (+2,5%) тиелді, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар-қыркүйек айларында тас көмір тиеу 5,2% өсіп, 76,6 млн.тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 53,6 млн. тоннадан астам қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% өсті. Экспортқа 23 млн. тонна жөнелтілді. Астық тиеу 6,4 млн.тоннаны құраса, оның ішінде экспортқа 4,8 млн. тоннасы жөнелтілген.

погрузка за 9 месяцев ктж

Есепті кезеңде өткен жылға қарағанда мұнай өнімдерін тиеу 7,2% (13 млн.тоннаға дейін), темір кені мен марганецті тиеу – 3,2%, яғни 20,8 млн. тоннаға дейін өсіп отыр.

11,9 млн.тонна құрылыс жүктері, 3,6 млн. тонна қара металдар, 2,9 млн. тонна химиялық тыңайтқыштар, 16,8 млн. тонна түсті кен мен күкірт шикізаты тасымалданды.

Жүк айналымы 2,6% өсіп, 176,4 млрд. тонна-км құрады.

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.