ҚТЖ «әйелдер» вагондарына билеттер сатылымын іске қосты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттерді электрондық сату жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп отырады. Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап компания әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

  Жобаны іске асыру үшін №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы-1 – Өскемен» жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны іске қосылды. BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде «ЖН» (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйел жынысты жолаушыларға (толықтай вагонға) билет сатуға арналғандығын білдіреді. Сондықтан ер жолаушылар пойыз билеттерін сатып алғанда абай болу керек. Бұл ретте аталған вагонға еріп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі ер жынысты балаларды ресімдеуге рұқсат етіледі.

Бірінші рейске (№77 – 58п. пойызы, №351– 34п. пойызы) ағымдағы жылдың 10-шы қазанында «әйелдер»  вагонына 92 жолаушының жол жүру құжаттары (билеттерін) рәсімделді.

Әйел жынысты жолаушылар тарапынан осы қызметке сұраныс болған жағдайда компания Қазақстан ішіндегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға дайын.

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.