ҚТЖ заңгерлері «Электровоз құрастыру зауытында» болды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Электровоз құрастыру зауытына» экскурсия жасады. Компанияның құқықтық қызметін қамтамасыз етуші департамент қызметкерлерін өндірістік процестермен таныстыру олардың сала мүдделерін тиімді қорғап, құқықтық тәуекелдерді уақытылы анықтауына және төмендетуге мүмкіндік бермек.

Мамандарға тәжірибелі дәнекерлеушілер болашақ электровоз жасалып шығатын барлық цехтарды аралатып, жұмыс процесімен таныстырды. Бұдан басқа, заңгерлер еуропалық технологиялар негізінде тартымдық трансформаторларды шығарып жатқан жаңа цехтың жұмысын көру мүмкіндігіне де ие болды. Цех өткен жылы ашылған. Локомотивтің «жүрегі» 60 жұмысшының қолымен жасалады екен. Цех аптасына 3-4 трансформатор шығарады. Құрастыру цехында екі линияда бір уақытта жолаушылар және жүк локомотивтерін құрастыру жүргізіліп жатыр. Бір электровозды құрастырып шығаруға шамамен орта есеппен алғанда 90 күндей кетеді екен.

Қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорын «Элекровоз құрастыру зауыты» бүгінгі таңда толық қуатында жұмыс істеп жатыр. Өнімге қолданатын қазақстандық үлес жылдан жылға өсіп келеді. 2029 жылға дейін зауыт 369 электровоз жасап шығармақ, соның 250-і жүк, ал 119-і жолаушылар локомотиві болмақ.

«Қазақстан темір жолы» газетінің тілшісі