©Rail-news.kz. Александр Жабчук

100 жас есімі: жоба жеңімпаздарының пікірі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» жоба жеңімпаздарының бірқатарымен Rail-news.kz сұхбаттасқан еді.

Андрей Азябин, «Қала маңы» Ақмола аймақтық учаскесінің электропойыз машинисі:

«Теміржолдағы еңбек өтілім 15 жылды құрайды. Бізге байқауға қатысуға басшылықтан жеделхат келді. Сосын біз өтінім беріп, бағымызды сынауға бел будық.

Мен «Кәсібилік» бағытын таңдадым. Байқаудың ұйымдастырылуы, жеңімпаздарды іріктеу кезеңі – бәрі маған ұнады. Жүз жеңімпаздың қатарынан табылғаныма өте қуаныштымын. Алда өзімді жетілдіру, білімімді шыңдау, компанияның дамуына үлес қосу сияқты маңызды миссиялар тұр.

Мен сол міндеттер үдесінен табылуға барымды саламын».

 

Назгүл Жұбанова, «Экспресс» филиалының пойыз жолсерігі:

«Мен жолсерік мамандығын саналы түрде таңдадым. Маған ұзақ жолда саяхаттаған ұнайды. Жолсерік қызметі – «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының айнасы. Сондықтан да бұл мамандық үлкен жауапкершілік жүктейді.

Мен осы жобаға қатысуға өтінім бергенде-ақ, байқау жеңімпазы болуға лайықтымын деп жан-жақты дайындалдым. Еңбегім еш кетпеді.

Бұл жетістік маған әрі қарай жетілуіме, дамуыма, мансаптық сатыда өсуге, компания игілігі үшін еңбектенуіме мотивация болмақ.

 

Дархан Әнуаров, «Батыс» филиалының сервистік қызмет көрсету секторының І санатты инженері:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-да сегіз жыл қызмет етіп келемін.

Еңбек жолымды жолсерік болып бастадым. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – жастар саясатын сәтті жүзеге асырып келе жатқан компания. «Жас кәсіби маман», «Менеджмент» жобасы, «Үздік маман», КТК сияқты әртүрлі шаралар мен байқауларға белсенді қатысып келемін. Қазіргі таңда Ақтөбе бөлімшесінің жастар саясаты бойынша өңірлік өкілімін. «Жолаушылар тасымалының 100 жас есімі» жобасына қатысуымның себебі, келешекте өз кәсібімнің биік шыңын бағындырып, қоғамның және ұлттық компанияның топ-менеджерлері қатарынан көрінгім келеді».

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.