Маңғыстаудың вагон қараушылары айлық аясында оншақты ақау анықталды

Маңғыстауда 18 қазан мен 18 қараша аралығында «Автотіркегішке назар!» айлығы өтті. Айлық аясында түбектің вагон қараушылары бірқатар ақаулықты анықтады.

Маңғыстау станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті бойынша – 8, ал Бейнеу станциясындағы вагон қараушылар 2 ақауды тапты. Сай-Өтес станциясындағы вагоншыларда ондай дерек тіркелмеді.

Атап айтсақ, Ерболат Сәбитаев, Нұржаубай Орынбаев, Мырзакелді Сәрсенғалиев, Жасұлан Елеусінов, Ыбырай Сатыбалдиев, Сапарбек Тогашев, М.Дүйсенбаев, Бақыт Сабыров, Әділбек Өсербаев сынды вагон қараушы-жөндеушілер түрлі деңгейдегі ақаулықтарды анықтаған.

– Вагондарға техникалық қызмет көрсету кезінде біздің вагон қараушылар өз міндетіне ерекше ұқыптылықпен қараудың нәтижесінде түрлі қауіптің алдын алып отыр. Бұл – бір айлық аясында анықталған жайттар. Қараша айында бұдан басқа «Бүйірлік рамалар» айлығы да басталды. Ол төрт айға созылады. Осы уақыт аралығында вагон қараушыларымыз бүйірлік рамаларға мұқият назар аударып, тағы да талай қауіптің бетін қайтарады деп сенеміз, – дейді Маңғыстау станциясында вагон паркінің күзеті бойынша бақылаушы Амандық Көшкімбаев.

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі