Барлық транзиттік контейнерлік тасымалдар 25 пайызға артқан

Биыл 10 айдың жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан аумағы арқылы өтетін барлық транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 880 мың жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көп, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жалпы, Қазақстан аумағы арқылы темір жол көлігімен жүк транзитінің көлемі өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Жүк тасымалы бойынша танымал бағыттардың бірі Қытай – Еуропа – Қытай болып табылады. Осы жылы қаңтар мен қазан айларында аталған бағыттағы тасымал көлемі өткен жылға қарағанда 36% өскені байқалды. Каспий өңірінің порттары арқылы жүк тасымалдау ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% ұлғайды және де ол 4,6 млн.тоннаны құрады.

Ақтау халықаралық теңіз порты арқылы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 15%, яғни 2,9 млн.тоннадан асып түсті. Теңіз порттары арқылы астық экспорты 2021 жылдың 10 айында өткен жылмен салыстырғанда 56% артып, 1,2 млн.тоннадан асты.

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.