ҚХР-ға катодты мысты алғашқы құрамдастырылған тасымалдау жүзеге асырылды

Балқаш станциясынан Шаньси провинциясына (ҚХР) катодты мыс салынған 17 жабық вагон жөнелтілді. Оның салмағы 1300 тоннадан асады. Жөнелту құрамдастырылған тасымалдау қағидаты бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Алдымен мыс Алтынкөл станциясына дейін жабық вагондарда, содан кейін «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС терминалында оны контейнерлерге қайта тиеу жүзеге асырылды. Контейнерлік пойыз қысқа мерзімде: бір күн ішінде құрылды. Бір жабық вагонға тиеу жылдамдығы рекордтық 1 сағат 10 минутты құрады.

 «Енгізілген ковидке қарсы шараларға байланысты қытайлық тараптың пойыздарды шектеулі қабылдауы жағдайында құрамдастырылған тасымалдар жылжымалы құрамның әмбебап түрінің айналымын қысқартады, сондай-ақ қытай тарапында контейнерлердегі жүктерді қабылдады жеңілдетеді», – деді «KTZ Express» АҚ Бас директорының логистика жөніндегі орынбасары Айбек Қапар.

«Қазақстан теміржолшысы» ведет летопись железной дороги Казахстана.