Тиімділік деген осы

Жаңалықтар
15.11.2019, 19:12

Биыл Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде біраз қызмет түрлері ақша үнемдеген.

Атап айтсақ, жыл басынан бері тоғыз айда локомотивтерді тиімді пайдалану және станцияда вагондардың тұру уақытын азайту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде дизель отыны шығыны былтырғы жылмен салыстырғанда 701 тонна үнемделген.

Ал өткен жылы дизель отыны шығыны 19 мың 332 тонна болса, осы жылдың тоғыз айында 18 мың 631 тоннаны құраған. Бөлімшенің маман дары отынның үнемделуіне Сарыағаш станциясында жаңадан салынған қосымша 4 жолдың септігі тигенін айтады. Өйткені, станцияға Өзбекстаннан келген ұзындығы 57 шартты вагонды құрайтын пойыздарын шашып, қосымша 4 жол арқылы ұзындығы 71 шартты вагонды құрайтын ұзынқұрамды пойыздар құрастырылып, Арыс станциясына жіберілген. Нәтижесінде, Сарыағаш станциясында пойыздардың өткізу қабілеті 26 жұптан 30 жұпқа дейін артқан. Оған қоса, станцияның технологиялық процесі қайта қаралып, пойыздарды өңдеу уақыты қысқартылған. Жалпы, локомотивтерге сервистік қызмет көрсету бойынша 547 млн теңге үнемделген. Неге десеңіз, локомотивтер ТО-2-ден 36-48 сағат арасында өту керек болса, №334 бұйрығына сәйкес уақыт ұзартылып, 120-144 сағатта өту бекітілген. Сонымен қатар, тағы басқа да үнем әкелген табыс көзіне тоқталсақ, қосалқы көмекші қызметінен түсетін табыстар жоспар бойынша 115 млн теңгеге көзделген болса, іс жүзінде 167 млн теңгені құрап, кіріс сомасы 52 млн теңгеге артық орындалыпты. ТОР бойынша 106 млн теңге болса, нақтысы 151 млн теңгені құрап, 45 млн теңгеге немесе 143%-ға көбейген. Себебі, ағымдағы ағытпалы  жөндеу көлемі 1717 вагонға өскен.

Меңлібай станциясы бойынша тауарлық кассирлер мен жүк қабылдаушылардың қызмет көрсетуі есебінен кіріс сомасы 62 млн теңгеге артқан. Өткен жылмен салыстырғанда табыстың 62 млн теңгеге өсуінің себебі ағымдағы ағытпалы жөндеу көлемі 854 вагонға өскен. Негізгі қызмет бойынша шығындар жоспары 20 млрд 818 млн теңге болса, іс жүзінде 19 млрд 160 млн теңге немесе 92%-ға орындалып, нәтижесінде 1 млрд 658 млн теңге, отын бойынша 492 млн теңге үнемделген. Бұған 1 тонна отын бағасының 1915 теңгеге төмендеуі де себеп болған көрінеді.                     

Жаңалықтар
25.04.2024
Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатысуға дайын
Спорт
25.04.2024
Маңғыстауда еңбекті қорғау күніне орай турнир өтті
Станция тынысы
25.04.2024
Су басу: қауіптің беті қайтты
Әлеумет
25.04.2024
Теміржолшылар ҰОС ардагеріне шипажайға жолдама сыйлады
Қауіпсіздік
25.04.2024
Ақау тапқан вагон қараушы марапатқа ұсынылды
Аймақтар
25.04.2024
Ақтөбедегі теміржолшылар музейі тұтас бір дәуірді көз алдыңа әкеледі
Жаңалықтар
25.04.2024
ҚТЖ локомотивтерін жазғы тасымалға дайындауда
Жолаушылар тасымалы
24.04.2024
ҚТЖ жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады
Жаңалықтар
24.04.2024
Салалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары ҚТЖ-да біліктілігін арттырды
Цифрландыру
24.04.2024
Көлік министрлігінде теміржол саласын цифрландыру мәселесі қаралды
Әлемде
24.04.2024
Қытай темір жолдары бірінші тоқсанда миллиардтан астам жолаушы тасымалдады
Темір жол тарихы
24.04.2024
Қазақстан темір жолына 120 жыл. Тәуелсіздік жылдары еңсерілген белестер
Қауіпсіздік
23.04.2024
Ақтөбе теміржолында 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Қауіпсіздік
23.04.2024
Теміржол аумағында терроризм акті жасалған жағдайда қалай әрекет ету керек?
Аймақтар
23.04.2024
Жол жиегі күлтөкпеге айналып барады
Станция тынысы
23.04.2024
Студенттер Тараз станциясына экскурсия жасады
Аймақтар
23.04.2024
Семейлік теміржолшылар жылыту маусымын қорытындылады
ҚТЖ келбеті
23.04.2024
Қандыағаш станциясының жетекші инженері еңбек қорғау инспекторы төсбелгісімен марапатталды
Аймақтар
23.04.2024
Атырау облысында су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр
Аймақтар
23.04.2024
Технология шапшаң дамығанымен білікті машинистке деген сұраныс жоғары