Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Ұстазға құрмет көрсетті
1 мин чтения
Еңбек жолын қарапайым теміржолшыдан бастап Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорына дейін өскен талантты басшы Аралбай Дүйсеновты шәкірттері туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.
«Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері, алғашқылар қатарында «Үздік басшы» белгісімен марапатталған ардагер теміржолшы бүгінде зейнет демалысында. Кезінде тәжірибелі теміржолшының тәрбиесінде болып, шарапатын көрген әріптес інілері ұстаздарына деген жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Солардың қатарында Қызылорда магистралдық желі бөлімшесі БПҰ төрағасының орынбасары Берік Бекжанов: «Зейнетте болсаңыз да сала ардагері ретіндегі кейінгі ұрпаққа берер өнеге, ой-пікіріңіз, ақыл-кеңесіңіз біз үшін қашан да қымбат. Сіздің Сыр бойы теміржолындағы қырық жылғы жұмыс тәжірибеңіз өз алдына, сіз өсірген мамандар бүгінде осы саладағы қадау-қадау тұлғалы азаматтар, талантты басшылар. Рахмет Сізге, құрметті ұстаз»,- деп ардагерге гүл шоғы мен арнайы дайындап әкелген сый-сыяпатын ұсынды.