Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Өндірісте қолданылуда
2 мин чтения
Жаңашыл ұсыныстар жасаудан кенде қалмайтын Сыр елі теміржолшылары өткен жылы 59 рационализаторық ұсыныс жасап, өндіріске енгізген.
Рационализаторлық ұсыныстарды Ұлттық компания бекіткен Ережеге сай дамытып насихаттау, өндіріс тиімділігін арттыру, теміржолшылардың арасында өнертапқыштық ойды жетілдіріп оны дамытып қолданысқа енгізу-мұның бәрі Ұлттық компанияның басшылығының жаңашыл идеяға бей-жай қарамайтындығын білдірсе керек. Әр кез жаңа идеяны дамытып өндірісте практикалық қолданысқа енгізетін қызылордалық болат жол еңбеккерлерінің орташа жасы 30 жастан жоғары, басым бөлігін тәжірибелі теміржолшылар құрайды. Олардың ұзын саны өткен жылы алпысқа жетіп түрлі салада өздерінің рационализаторлық қабілеттерімен ерекшеленген.
-Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінде 2016 жылы 60 рационализатор жаңашылдығымен танылды. Олардың бәрі жоғары білімді және арнайы орта білімі бар теміржолшылар. Бөлімшеге қарасты және еншілес мекемелерден 2016 жылы енгізілуі тиіс 58 рационализаторлық ұсыныс болса, біздерден 64 рационализаторлық ұсыныс тіркеліп, олардан 59 ұсыныс өндіріске енгізіліп, ал 5-уі жетілдірілу үшін кері қайтарылды. Рационализаторлық ұсыныстардың авторлық сыйақысы 1402,34 мың теңгені құрады. Жаңашыл ұсыныстардың экономикалық тиімділігі 493,04 мың теңгеге жетіп, жоспар 110 пайызға орындалды. Ұсыныстар өндіріске енгізіліп практикалық тұрғыдан қолданысқа енуде,-дейді аймақ рационализаторлары жайлы мәлімет ұсынған бөлімшенің Ғылыми-техникалық ақпарат және талдау орталығы басшысы Сарқыт Шакманова.
Өткен жылы бөлімшеде қозғалыс қауіпсіздігі жайлы -14, еңбек қорғауға байланысты - 8, ТЭР үнемдеу тақырыбына - 2, Еңбек шарттарын жетілдіру жөнінде - 16, Еңбек өнімділігі жайында - 12 және де өзге де салалық тақырыптарды ұсыныстар тіркелген. Сонымен қатар 17 техникалық жаңашылдық тауып ұсыну межесі 28-ге жетіп, жоспар 164 пайызға жетіп, олардың экономикалық тиімділігі 303,46 мың теңгені құрапты. Барлығы 13 ақпараттық парақ әзірленіп, оның 12-сі жарыққа шыққан.