Сапа – қауіпсіздік кепілі       

Новости
27.01.2017, 12:09
   Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының СОБ релесі және релелік блоктарын жөндеу цехында электромеханик-қабылдаушы болып жұмыс істейтін Гүлдену Сағындықованың еңбек өтілі отыз жылға жуықтапты. Мамандығы өзіне ұнайды. Релелерді мұқият тексеріп, оның жарамдылығына кепілдік беріп отырады. Әрине, көзмайын таусып, майдан қыл суырғандай күнұзақ шұқшиып отыру оңай емес, бірақ үйренген кәсібі болған соң белгілі бір дәрежеде дағды қалыптасатыны белгілі. Сондықтан жұмысына үйренгені сонша, қолдары тиісті түймелерді өзі басып, өзі тауып жатқанын байқамай да қалады. Бұл қызметке келгенде небәрі 20 жастағы бойжеткен еді. – Гурьев теміржол техникумын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген соң осында келіп, әуелі монтер, одан соң механик болдым. Қазір электромеханик-қабылдаушымын.  Яғни 1990 жылдан бері табан аудармастан еңбек етіп келемін, – дейді Гүлдену Сағындықова.    Маманның айтуынша, релелердің түр-түрі бар. 1 жыл, 3 жыл, 10 жылдан ауысуы тиіс релелер болады. Соның бәрін арнайы бекітілген кесте бойынша уақытылы ауысуын қадағалап отыру  қажет.  Релелердің ішінде де кездейсоқ күйіп кететіндері кездеседі. Сондайда, дәнекерлегішті қолға алып, ер адамдарша жұмысқа кіріседі. Кейде релелердің ескі, көне түрлерін аша алмаған жағдайда қолға  балға ұстаған кездері де болды.  –Ертеректе, біз келгенде бұл жұмысты тек ер адамдар атқаратын. Бағамдап қарасақ, механик деген мамандық біздің ұғымымызда тек  жігіттердің еншісіндегі кәсіп сықылды.  Алғаш жұмыс жасай бастағанда «механигі несі?..» деп менің де  таныстарым таң қалатын, бүгінде керісінше, кілең қыз-келіншектер, ер азаматтардан мүлде тартып алдық, – деп  күледі кейіпкеріміз. Қазіргі таңда электромеханиктер соңғы үлгідегі  РЭЛ релелерімен жұмыс жасауда. Бұл құрылғылар қолға ұстауға да, тексеріп қарауға да ыңғайлы әрі жеңіл. Дегенмен, олар далалық жерде кем дегенде 1 жыл жұмысқа «жегіледі». Оның ішіне шаң-тозаң кірмеуі керек, әйтпесе тоқ өтпей қалады деп түсіндірді Гүлдену апай. Ал, егер релелер белгіленген мерзімге шыдас бермей, бұзылып, қирап жатса немесе бір жері күйіп кетсе қол қойып, тексерген адам кінәлі деп танылады. – Сол үшін релені күніне қырық қарап, қадағалап отырамыз.  Кейде дұрыс жапқанымызға көз жеткізіп, сенімді болу үшін  қайта ашып қарайтын кездеріміз болады. Өткені, тек сапалы жұмысымызбен ғана қауіпсіздікті қамтамасыз ететінімізді жақсы түсінеміз. Бір разъездге 60-70 релені қосып бірге жібереміз. 1 күнде 20, кейде 27 релеге дейін, көлемі үлкен болса 12-13 релеге дейін  жабамыз, – дейді Гүлдену Сағындықова. Оның жұмыс орнында, өзі күнделікті қолданатын СОБ релелерін сынауға арналған үлкен стенд тұр. Бұл стендтің атқаратын қызметі көп. Мысалы, бұл арқылы реле мен орамдар кедергісі, реленің босатылуы және іске қосылуы, полярланған якорьды лақтыру кернеуі өлшенеді, түйіспелердің өтпе кедергісі, реленің электрлік параметрлері, якорьды босатуға кеткен баяулау уақыты тексеріледі.  

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области