Өнертапқыш инженер  туындысы

Новости
27.01.2017, 12:37
Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Бауыржан Шыңғысов - өнертапқыш. Оның еңбегі негізінен электромонтерлердің жұмысын жеңілдетіп, оңтайландыру және еңбек қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.   Мысалы, Бауыржан Шыңғысовтың  кәдімгі жүк пойыздарының есігінің аузына салынатын пломба тросынан жасаған тазалағыш құралы  тиісті құзырлы ұйымдар тарапынан құпталуға ұсынылмай жатып-ақ,  іс жүзінде дистанциялықтар  қолданысына дендеп еніп кеткен. Қазір дистанциялықтар техниканың қандай да бір бөлшегін немесе мотор, құрылғы тетіктерін  тазалау үшін автобөлшек дүкендерін жағаламай-ақ Бауыржан жасаған щеткаларды пайдаланады. Алайда, бүгінгі әңгіме инженердің әріптесі  Мақсат Шайжановпен бірігіп жасаған стенд-шкафы жайлы болмақ. «Монтерлік белбеулер мен қадауылдарын механикалық жолмен сынақтан өткізу» туралы рацұсыныс 2012 жылы жасалып, өндіріске енгізілген. Бүгінде электромонтер құралдары сынақтан осы жерде өткізіледі. Дистанция  еңбеккерлерінің техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтап, электромонтерлердің белдігі мен қадауылдарын сынақтан өткізу үшін мекеменің өзінде құралдарды сынақтан өткізетін стенді болмағандықтан өзге мекемелерге тапсырыс беру, өндірістік жұмыс ырғағының баяулауына себеп болатын. Қос инженер ақылдаса отырып, электромонтерлердің белбеулері мен қадауылдарын сынақтан өткізу стендісін қолда бар материалдарды пайдаланып жасап шығады: стенд-шкаф 45*45*4 көлемдегі негізгі қаңқадан, 0,6 мм диаметрлі құрыш трос өткізілген 4 блоктан жинақталып құрастырылады. 0,6 мм құрыш тростың бір ұшына бос ілгешек ілінсе, екінші ұшы барабанды редукторға оралып бекітіледі. Ал, стенд-шкаф құрыштан құйылған каркас ішіне орналастырылған. Құрыш тросқа ілінген ілмешекке электромонтер белбеуі немесе электромонтер қадауылының бір ұшы ілінеді де, тростың екінші басына екінші ұшы бекітіледі. Екі ұшы тросқа бекітілгеннен кейін фиксаторлы редукторды белгілі бағытта бұрау арқылы трос керген белдік немесе қадауылдың салмаққа шыдамдылығы тексеріледі. Керілуге ілінген белбеу немесе қадауылдың керуге шыдамдылығы тросқа бекітілген динамометрмен өлшенеді. Өндірісте қолданылатын электроқұрал жабдықтарын сынақтан өткізу инструкциясының талабына сай құрыш троспен барабанды редуктор қажетті салмаққа дейін керіп тартқаннан кейін сол күйінде керіліп тұрады. Сынаққа салынған құрал-жабдық нормативті уақыт ішінде ешқандай өзгеріс болмаса (сетінеу, үзілу, жарылу секілді жай көзге көріне бермейтін өзгерістер) сынақ сәтті өтті немесе құрал-жабдық пайдалануға жарамды болып есептеледі. Яғни, құрал немесе жабдық өндірістік қолданысқа дайын деп табылады. Қызылордалық өнертапқыш инженерлердің бұл механикалық стендісі 2012 жылдан бері өндіріске енгізіліп, бүгінгі таңда электромонтерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек адамының қорғалуына қызмет етіп келеді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

 
Социум
17.09.2026
Общежитие для железнодорожников обновили на станции Достык
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области