Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Дәрігерлік тексеруден өткізілуде
1 мин чтения
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінің еңбеккерлерін жыл сайын тұрақты медициналық тексеруден өткізіп жұмысқа жарамдылығын анықтау – Ұлттық компания белгілеген талаптардың бірі саналады.
Осы мақсатта жыл басынан бергі уақытта жол бөлімшесі теміржолшыларынан 300 теміржолшы дәрігерлік тексеруден өткізілген. Теміржолшылардың денсауылығын сарапқа салушы «Апаттар медицинасы госпитальдары» Қызылорда филиалы емханасының дәрігері Әлия Қуанышбаеваның мәліметінше, бөлімше теміржолшылары белгіленген кесте бойынша дәрігерлік тексеруден өткізіледі. Бұл жоспарлы медициналық тексеру болып саналады. Мұнымен қоса, әр мекемедегі медициналық пункттерде дәрігерлер теміржолшылардың жұмыс алды немесе ауысымға қосылар алдында жүргізілетін тексерулерді «Медикер» мекемесінің қызметкерлері өткізіп келеді.
Дәрігерлік тексеруден теміржолшылар жұмыстан тыс уақыттарда өтуде. Жалпы қажетті сараптамалар мен қорытынды шығаруға жұмысшының бар жоғы бір тәулік уақыты жұмсалады екен. Ал жылына бір мәрте өткізілетін жоспарлы тексеруге әр мекеменің кадр бөлімі мамандары теміржолшылардың кесте бойынша медициналық тексеруден өтуіне ықпал жасауы тексеру жұмыстарының қалыпты жүргізілуіне оң әсерін тигізуде екен.