Алау эстафетасы теміржолшыларда...
Новости
31.01.2017, 12:47

Қазақ елін шарлап шыққан XXVIII Бүкіләлемдік Универсиада алауының эстафетасын алып жүру құрметіне теміржолшылар да ие болды. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға қатысып, спорт мерекесінің алауын алып жүрген теміржолшыларды өңірлерде спортта да, қызметте де елеулі жетістіктерге жетіп жүрген саңлақтардан іріктеп алған. Мұндай сенімге барлығы 11 теміржолшы-алаугер ие болды.
Алау эстафетасы ел Шығысы бойынша облыс орталығы Өскеменде өтті. Шараға теміржолшылар арасынан Семей магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Данияр Малдыбаев, Жаңа-Семей станциясының бағыттама постының кезекшісі Берікжан Нұртаев және Защита станциясынан Александр Федотов қатысты.
Универсиада алауының жағылу рәсімін облыс әкімі Даниал Ахметов салтанатты түрде ашты. Осыдан кейін аймақ басшысы өзге алаугерлермен бірге көпшіліктің ортасымен, көше бойын жүгіріп өтіп, алауды олимпиада чемпионы, шығыстықтар мақтанышы Ольга Рыпаковаға табыс етті.
Эстафетаға қатысқан үш теміржолшыға да «28-ші дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауын алып жүру мәртебесіне лайық» атты сертификат пен «Алау эстафетасында белсенділік көрсеткені үшін» мақтау қағаздары табыс етілді.
–Осынау маңызды шара әсіресе жастар мен барлық салада қызмет ететін, спортты серік ететін жандар үшін елеулі оқиға болғаны анық. Сондай-ақ, тек теміржолшылар арасындағы спорттық шараларға қатысып, аймақ намысын қорғап жүрген біз үшін бұл үлкен мәртебе, – дейді жігіттер.
Айта кетсек, Универсиада Алауын алып жүру мәртебесі бұйырған жігіттер де сан түрлі сайыста топ жарып жүр. Мәселен, Берікжан Талғатұлы Германияның Шпайхинген қаласында өткен футбол додасында «Үздік шабуылшы» аталымы бойынша жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша баскетбол спортының «Үздік ойыншысы» атағын жеңіп алған. Ал, Данияр Сейілғазыұлы бокс бойынша облыс чемпионы. Өткен жылы Ұлттық компания қызметкерлері арасында «Жас спортшы» атанып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің арнайы дипломымен марапатталыпты. Һәм екеуі де теміржолшылар арасында өтетін республикалық сайыстарда Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің жеңіс туын биіктен желбіретіп жүр.
Қуаныш Қожаев, Семей
Ақтау қаласында Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиадасының алауы жағылған салтанатты шараны тамашалау үшін халық таң азаннан мемлекеттік рәміздер алаңына жиналды. Сағат 10:00-де басталған Алау эстафетасында алғашқылардың бірі болып өңір басшысы Алик Айдарбаев 200 метр қашықтықты бағындырды. Одан кейін алауды Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, былғары қолғап шебері Әділбек Ниязымбетовке тапсырды. Кезекпен 30 алаугер қала көшелерін айналып өтіп, сағат 12:00-де теңіз жағасындағы «I Love AKTAU» белгісінің қасына аялдады. Түскі үзілістен соң тағы 30 алаугер эстафетаның екінші кезеңін жалғастырды. Сағат 14:00-де олар «I Love AKTAU» жазуынан бастап, 9 шағын ауданға қарай бет алды. "Ренесанс" қонақ үйінің алдымен өтіп, "Ардагер" сауда орталығына, одан "Мәңгілік алауға" қарай бұрылып, орталық жолға түсті. Сол арқылы «KazTransOil», «МаңғыстауМұнайГаз» ғимараттары, «ШУМ» сауда орталығының алдымен жүгіріп өтті. Соңғы нүкте 4 шағын аудандағы "Астана" алаңы еді. Осылайша, 60 алаугер 12 шақырым жолды жүгіріп өтті. Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжановтың айтуынша, 60 алаугердің 45-сі студенттер, 15-сі мемлекеттік қызметкерлер екен. Арасында үш мүгедек спортшы да бар. Алаугерлердің бірі 24 жастағы теміржолшы Қайсар Оңайшаев Маңғышлақ станциясында парк кезекшісі болып жұмыс істейді. Теміржолшылар әулетінде дүниеге келген оны әріптестері қызметте өте жауапты, ал салауатты өмірде белсенді деп сипаттайды. Теміржолшылар арасында өтетін түрлі спорттық шаралардан шет қалмайтын Қайсар баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, гір тасын көтеруден үздіктер қатарында екен. Қайсарға жұмыстастары мен дос-жарандары, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің, басқа да теміржол мекемелерінің теміржолшылары қолдау көрсетті.Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
28 қаңтар күні оңтүстікқазақстандықтар Бүкіләлемдік 28 қысқы «Универсиада-2017» алау эстафетасын қабылдады. Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Алау эстафетасының» салтанатты ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Универсиада Алауын жағып, бірінші болып алып жүрді. Одан соң көркем гимнастикадан түрлі сайыстардың жеңімпазы атанған ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсуповаға табыстады. Әрі қарай алауды Әлемге белгілі спортшыларымыз бен 12 жоғарғы оқу орнының студенттері және облыстағы өзге мекеме мамандарынан құралған 60 алаугер ұстап, Шымкент қаласының басты көшелерімен жүріп, 12 шақырым жолды басып өтті. Айтулы шараға екі теміржолшы қатысты. «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалының логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженерлері Қайнар Исаев пен Нұрсұлтан Садуов. Жастары 25-ке жақындаған жас мамандардың екеуі де белсенді. Қайнар Есенбайұлы 4 жылдан бері Жастар комитетінің аймақтық өкілі болғандықтан, Ұлттық компания бойынша өткізілетін өңірлік, республикалық шаралардың белсенді қатысушысы. Қатарынан екі жыл «Жылдың үздік қозғалысшысы», «Ең белсенді аймақтық өкіл» атанған. Ал Нұрсұлтан Талғатұлы өңірдегі спорттық іс-шаралардан шет қалған емес. – Бокстан әлемдік сайыстардың жеңімпазы атанған Мұхтархан Ділдәбеков пен Біржан Жақыпов сынды спорт саңлақтарымен өткізген бір күніміз есте қалды, – дейді Қайнар Есенбайұлы.Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Көне шаһар Таразда өткен Универсиада алауының эстафетасын 22 мыңнан астам шақырымды бағындырған таңдаулы 60 жамбылдық алып жүрді. Олар алауды бір-біріне қолдан қолға бере отырып, Төле би даңғылы мен Тәуке хан көшесімен жүгіріп, бас-аяғы 12 шақырымды еңсерді. Әр алаугер алау қорғаушыларымен бірге 200 метрден жүгіріп отырды. Бұл шараны 11 мыңнан астам шаһар тұрғыны тамашалады. Универсиада алауын алып жүрген жамбылдық азаматтың бірі – Тараз локомотив жөндеу депосының инженер-технологы Асхат Құдайбергенов. Асхатқа таңдау текке түсіп отырған жоқ. Ол жамбылдық жас теміржорлшылардың арасында белсенді жастың бірі, Тараз теміржол көлігі колледжінің түлегі. 2014 жылы «Қамқор Локомотив» ЖШС директорының грантын иеленіп, Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясына сырттай оқуға түскен. Асхаттың атасы Баймұрат, әкесі Серік және бауыры Мұрат барлығы дерлік теміржолшылар. Сондықтан өзіне жүктелген міндетті Асхат аса үлкен жауапкершілікпен сезінді. – Бүгінгі күні бүкіл әлем біздің елімізге көз тігіп отыр. Осындай шараны ұйымдастыру біздің елімізге бұйырғанына қуаныштымын. Универсиада алдағы уақытта жоғары дәрежеде өтетініне сенімдімін. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың көк байрағымызды желбіретіп, елдің үмітін ақтауға шын жүректен тілектеспін, – дейді теміржолшы Асхат Құдайбергенов.Ерман Әбдиев,Тараз
Дүниежүзілік қысқы универсиада алауы 28 қаңтар күні Қызылорда қаласында ҚР Тұңғыш Президент паркінен басталды. Универсиада алауын алып жүру өңірлік эстафетасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең президент саябағы мен «Болашақ» университеті арасында өткізілсе, екінші кезеңде Бұхарбай батыр ескерткішінен басталған алаушылар шеру-эстафетасы орталық алаңға дейін жалғасты. Эстафетаның жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрап, эстафеталық алауды 60 адам алып жүрді. Олардың қай-қайсысы да алау алып жүру құрметіне ие болғаны үшін қуанышты екенін, сондықтан осындай байрақты бәсекенің әсерімен еліміз спортшыларының дүниежүзіне танылу мәртебесіне жететін мүмкіндігінің артып, еліміздің көк Туының биіктен көрінуіне сенімді екенін жеткізіп, ой бөлісті. Түс ауа Орталық алаңға жеткізілген эстафета соңында Алау отын жағу салтанаты өткізіліп, алаугерлерге Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы атынан алғыс сертификаты табысталып, мерекелік шара соңы елімізге танымал және облыс өнерпаздарының гал-концертіне ұласты.Сабырхан НӘДІРБАЙ, Қызылорда
Грузовые перевозки / Цифра недели
09.09.2025
Грузоперевозки железнодорожным транспортом выросли на 4%
Новости
09.09.2025
Вагоны габарита Т: новый стандарт комфорта на железной дороге (ФОТО)
Регионы
09.09.2025
Около 17 км скотоизгороди возведут в сентябре в Карагандинском регионе
Новости
09.09.2025
Информационную кампанию по безопасности на железной дороге провели в КТЖ с участием полиции и акиматов
Пассажирские перевозки
09.09.2025
Более 90% забытых в поездах вещей возвращаются пассажирам АО «Пассажирские перевозки»
Новости
09.09.2025
КАЗПРОФТРАНС подарил праздник 250 детям железнодорожников
Новости / Архив
09.09.2025
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 09 сентября 2025 года
Регионы
08.09.2025
«Дорога в школу»: первоклассники железнодорожников получили ранцы в Усть-Каменогорске
Пассажирские перевозки
08.09.2025
Более 50 вагонов Stadler пополнят парк КТЖ в декабре 2025 года
Регионы
08.09.2025
Более 400 сельчан обратились к специалистам поезда «Саламатты Қазақстан» в Павлодарской области
Новости
08.09.2025
Повторное использование стройматериалов помогло улучшить условия труда железнодорожников
КТЖ в лицах
08.09.2025
Агент по передаче грузов Сауле Баянбаева награждена медалью «Ерен еңбегi үшiн»
Новости
08.09.2025
Президент обозначил новые задачи для транспортной отрасли
Регионы
08.09.2025
Ветераны и профсоюз подвели итоги совместной работы в Костанайском регионе
Регионы
08.09.2025
Железнодорожники фиксируют рост случаев выхода скота на пути в Карагандинском регионе
Новости
07.09.2025
Выездные комиссии КТЖ проверили ремонтные работы на 125 вокзалах
Интервью
05.09.2025
120 лет профсоюзного движения: взгляд почетного железнодорожника Калтая Самбетова
Интервью
05.09.2025
Оразгали Ахметбаев: «Главная цель профсоюза неизменна — защита работников»
Регионы
05.09.2025
Новые руководители станций прошли обучение в Акмолинском отделении ГП
Новости
05.09.2025
Международный пассажирский форум прошел в Санкт-Петербурге