«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымында топ жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиынның күн тәртібінде Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі мен Жолдауын түсіндіру және талқылау, ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағдарламасы және «Нұр Отан» партиясы мүшесінің этика кодексімен таныстыру мәселелері қаралды.Бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дүйсалиев Елбасы Үндеу мен Жолдауға байланысты баяндама жасап, оны әрбір теміржолшыға жеткізу қажеттігіне тоқталды. Биылғы Жолдауға қатысты өз пікірлерін Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұлов пен Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бастығы Бақтияр Төлепов та білдірді. Елбасы саясатын қолдайтындықтарын айтқан теміржолшылар алдағы уақытта жолдауды мекеме жұмысшылары арасында кеңінен түсіндіру және талқылау мақсатында жұмыстар жүргізетіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, локомотив шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры Оралбай Абдашев жиналысқа қатысушыларды партия мүшесінің этика кодексімен таныстырды.Жиынды қорытындылаған БПҰ төрағасы мекеме басшыларына өзара арнайы топ құрып, теміржолшыларға Елбасының Үндеуі мен Жолдауын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағдарламаны және партия мүшелерінің этика кодексін жеткізу, кеңінен түсіндіру, талқылау бағытында жұмыстар жүргізуді тапсырды.