Ерман Әбдиев, Түлкібас
Күн тәртібінде - рельс ақауын ерте анықтау
2 мин чтения
Магистральді дирекциясының жол және құрылым департаменті жүргізген техникалық ревизияның қорытындысы негізінде Жамбыл магистральді желі бөлімшесі Түлкібас жол дистанциясында семинар кеңес өтті.
Басқосуда негізінен жол дистанцияларындағы дефектоскопиялық цех жұмысшыларының біліктіліктері сөз болды. Сондықтан семинар жұмысына Шу, Жамбыл, Сары-шаған жол дистанцияларының басшылары мен дефектоскопиялық цех шеберлері, инжерлері қатысып, жиынға Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдулаев жетекшілік етті. Семинарда аталған тақырып бойынша өткен жылдың қорытындысы шығарылды. Атап айтқанда, ұзатылған жылы өңірдегі дефектоскоп мамандары 283 рельс ақауын анықтаған. Ал бұл көрсеткіш 2015 жылы 61 болатын.
- Біз қызмет көрсететін 1236 пайдалану шақырымында, 2162 км бұрылыс жолда, 520 км станциялық жолдарда және 1850 кешендік бұрмаларда 60 бірлік дефектоскоптық тіркеме жұмыс жасайды, - деді Махмудин Абдулаев.
Семинарда сондай-ақ, дефектоскопия цехының жұмысын ұйымдастыруда рельстердің жергілікті ауа-райының ыңғайына қарай тексеру жайы айтылды. Сондай-ақ дефектоскоптық тіркеме операторларын даярлау, олардың техникалық біліктілігін көтеру мәселесі сөз болды.
Шараға қатысушыларға «Рельстен ақау табуда дефектоскофия құралдарының жұмысын ұйымдастыру» регламентіне орай РДН-22 дефектоскопының жұмысы таныстырылды. Дефектоскоптық тіркемесінің операторы, орта буын звено жетекшісі мен дистанция басшысының арасындағы байланыстың техникалық ақпараттық байланыс санаттары түсіндірілді.
Жалпы, семинарды өткізуге Түлкібас жол дистанциясы текке таңдалған жоқ. Мұнда, дефектоскопиялық цех, техникалық сыныпатар, ғимараттың сақталуы жоғары деңгейде жасақталған. Жұмысшылардың жұмыс орнын жоғары деңгейде ұйымдастыруда да, құрал-жабдықтар мен көрнекілікпен жасақталуы да талапқа сай.