Бесжылдықтың бағдары
Новости
17.02.2017, 11:40
«Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде бастауыш партия ұйымының жиыны өтіп, теміржолшылар Мемлекет басшысының билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады.
Алқалы жиында «ҚТЖ-ЖТ» АҚ филиалы Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков Елбасының билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуі жаңа қарқынды даму бағытын ұстанған еліміздің мүлдем тың даму жолына түскендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жоғары деңгейде өтуіне теміржолшылар да белсене атсалысатындығын жеткізді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Жүнісәліұлы Жолдауда мемлекет басшысы назар аударған бес басымдыққа талдау жасады. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына бастайтын, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» орындайтын, дамудың жаңа белесін бағындыруды көздейді. Бұл шын мәнінде 30 озық елдің қатарына енуге деген батыл қадам. Жолдаудағы бірінші басымдыққа сәйкес «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын 2025 жылға дейінгі дамудық стратегиялық ауқымды жоспары әзірленетін болады. Өткен жылы партияның ХVІІ съезінде қабылданған партияның сайлауалды бағдарламасында Баршаға арналған инновациялар – жаңа технологиялық сын-қатерлерге жауап деген бөлімінде дүниежүзінде «жаңа технологиялар пакеті» жинақталатыны және осыған байланысты партиямыздың жоғары технологияларды дамыту міндетін қойып отыр. Бағдарламада жалпыұлттық басымдықтар бірі – «цифрлық қоғамды» кеңінен қалыптастыру көзделген. Партиялас әріптестеріміздің күш-жігерін осы заманғы ІТ-инфрақұрылымды дамытуға жұмсайтынымыз айқын көрсетілген. Бұл орайда, өңірде «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Бұл жерде 16 химиялық кәсіпорынның құрылысы жоспарлануда. Ең алдымен «Еркін экономикалық аймаққа» тіркелген 5 қатысушының 6 жобасын іске асыру бойынша ішкі және сыртқы инфрақұрылымның құрылысы аяқталуда. Мұнымен қоса, бұл жұмыстар «Казфосфат», «Еврохим» және «Таласинвестмент» компанияларында жалғасуда. Жолдауда еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылған. Осы орайда, партияның сайлауалды бағдарламасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016-2019 жылдары аралығында 395,5 мың жұмыс орны құрылатыны, ол үшін 22,5 млрд АҚШ доллары бөлінгені, бұл қаржының көлік, тұрғын үй және әлеуметті инфрақұрылымдар саласында ауқымды құрылыс жұмысын бастауға мүмкіндік беретіні нақты көрсетіліп отыр», деді баяндамашы.
Жиналғандар алдағы бесжылдыққа бағдар – Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауға жұмылу деді бірауыздан. Елбасы Жолдауда 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе яғни, 2 млн контейнерге және жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе яғни, 1,6 млн транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырады.
Жиында, сонымен қатар теміржолшылар қатарынан партияның қалалық филиалының ХІХ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Новости
17.09.2026
Локомотивное хозяйство КТЖ готовится к работе в зимний период
Новости
17.09.2026
Железнодорожники прошли семинар по профилактике коррупции в Алматы
Спорт
17.09.2026
Семьи железнодорожников приняли участие в спортивном празднике ко Дню семьи
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников