Төребай КЕНЖЕБАЙ
Электропойыздар талапқа сай
1 мин чтения
«Астана – Бурабай курорты» бағдары бойынша қатынайтын 12 электропойызға санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілді.
«Вагон-сервис» АҚ өтініші бойынша Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері жүргізген сынақ қорытындысы вагондар талапқа сай деген нәтиже көрсеткен. Вагондар 2016 жылы Ресейдің Демихов машина құрастыру зауытында шығарылған. Вагондар бірінші, екінші және үшінші класс жайлылықпен ұсынылған. Барлық вагондар қазіргі заманғы жылыту, сумен жабдықтау, ауа баптау жүйелері, вагонға берілетін ауаны ультракүлгін зарарсыздандырумен қамтылған. Дәретханалар экологиялық таза жүйемен (био дәретхана) жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған вагонда автоматты көтергіш құрылғысы орнатылған, сондай-ақ, 2 класс вагоны сөрелермен, бар үстелімен жабдықталған. Қысқасы, қала маңына қатынайтын көліктерге лайық халықаралық стандарт талаптарына толық жауап береді.