Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінде Теміржолшылар кәсіби одағы орталық кеңесінің Маңғыстау аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өндірістік кеңес жұмысы және еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторлардың рөлі» тақырыбында семинар өтті. Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітовтың төрағалығымен өткен семинарға бөлімшенің кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов, бас инженері Қарақат Жақанов, Маңғыстау облыстық еңбек басқармасының бас маманы Айымгүл Қобланова, сондай-ақ темір жол мекемелерінің бас инженерлері мен еңбек қорғау инженерлері, кәсіподақ комитетінің төрағалары мен төрайымдары, өндірістік кеңес, еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты.Бас инженер Қ.Жақанов, «ЖТ Маңғыстау» бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тұрмағанбетов, ВЧД-33 мекемесінің кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Лахова, техникалық инспекторы Қ.Көпбаев, ТЧЭ-6 мекемесінің еңбек қорғау инженері А.Дауылбаев өндірістік кеңестің мақсаты, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен міндеттері туралы әңгімеледі.Семинарда тақырыпқа сәйкес дайындаған бейнефильм көрсетіліп, слайд тамашаланды. Таңертең басталған семинар түстен кейін сұрақ-жауап, пікірталас алаңымен қорытыланды.