Арсен БАЙЗАҚ, Тараз
Жәрмеңке өтті
1 мин чтения
Аймақтағы болашақ теміржолшыларды дайындайтын №13 Тараз темір жол колледжінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Оқу орнындағы арнайы пән оқытушылары, атап айтқанда «Аспазшы» мамандығы бойынша З.Дәулетқұлова, темір жол мамандықтарынан А.Дәрменбаева, Ж.Тайбеков, А.Құрмансейітовтердің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасына студенттер өз қолдарымен дайындаған өнімдерін колледж оқытушылары мен студенттерге ұсынып, одан түскен қаражатты «Ана үйі» мен №4 арнайы әлеуметтік көмек беру орталығына тарту етті. Бұл іс-шара болашақ теміржолшылардың ауызбіршілігін нығайтып, мейірімділігін артыра түсті дейді ұйымдастырушылар.