Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Сұранысты өтеп отыр
1 мин чтения
«Қала маңы тасымалы» АҚ Шымкент аймақтық телімі бойынша өткен жылы 184 мың 314 жолаушы тасымалданыпты.
Былтыр, «Шымкент – Сарыағаш» бағытына облыстық бюджеттен 68 млн 371 мың, «Түркістан – Шымкентке» 108 млн 475 теңге бөлінген. Аталған телім басшысының орынбасары Ғалымжан Бұрқановтың айтуынша, бөлінген қаржы толықтай игерілген. Облыс ішінде қатынайтын қос пойыз құрамында екі вагон тіркелген. Шағын болса да пойыздан басқа көлік қатынамайтын шалғай бекеттерге дейін баратын болғандықтан, оған сұраныс жоғары. Тасымал иелеріне тапсырысты ОҚО «Көлік және автомобиль жолдары департаменті» береді. Өткен жылы екі пойыздың жолаушылар тасымалынан түскен кіріс 26 млн 566 мың теңгеге жеткен. Жыл басталғалы алғашқы айдың өзінде 13 512 жолаушы тасымалданып, жолаушылар қатынауынан түскен кіріс 1 млн 805 мың теңгені құраған.