«VIP-ВАГОН» ЖОЛСЕРІГІ
Теміржол дегенде әдетте жұртшылық есіне пойыз, ал теміржолшы дегенде жолсерік түсетіні рас. Олай болуы заңдылық та. Өйткені, пойызбен жүрмеген, жол үстінде жолсерікпен үзеңгілес болмаған адам кемде-кем шығар.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз осы мамандық иесі болғанда да, ҚТЖ басшылығының қызметтік вагонының жолсерігі. Мереке қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қолынан адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және өз ісіне берілгендігі үшін Құрмет грамотасын алған Қызылгүл Кучукова әу баста таңдаған модельер-конструктор мамандығына сай сымдай тартылған әдемі әйел екен. Мектеп бітірген соң модельші-сәнгер кәсібін меңгермек болып, технологиялық колледжді бітірдім. Бірақ тағдыр мені теміржолға тап қылды. Оған еш өкінген емеспін, салаға бауыр басып үйреніскенім сонша, бірнеше жылдан соң Тынышбаев атындағы Көлік академиясында сырттай оқып, жоғары білім алдым. Қалған өмірімді тек теміржол көлігімен байланыстырамын, – дейді Қызылгүл.
Қарағанды облысына қарасты Ағадыр ауданында теміржолшы отбасында дүниеге келген Қызылгүл үйіндегі жеті баланың төртеуі теміржол саласында тер төгіп жүргенін айтады. Қызылгүл Советқызының да теміржолда жұмыс істеп жатқанына он бес жылдан асыпты.Мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» аймақтық филиалына қарасты арнайы міндет жүктелген қызметтік вагондардың жолсерігі болып қызмет етемін. Бұл вагондармен ҚТЖ басшылығы сапарға шығады. Жолсеріктерге қойылатын талап ортақ. ПТЭ, ИСИ, ИДП нұсқамалары мен ережелерінің талаптарын жетік білуіміз керек. Арнайы вагондар жолсеріктеріне қойылатын соншалықты арнайы талап жоқ. Тек мінсіз қызмет, шапшаңдық пен жинақылық. ҚТЖ басшылығы түрлі жағдайға орай кез келген уақытта жолға шығуы мүмкін. Сондықтан кез-келген сәтте жоғары дайындықта болуың керек, – дейді VIP-вагондардың жолсерігі.
Қызылгүл бос уақытында екі баласының тәрбиесімен айналысады екен. Орыс-қазақ тілін жетік меңгерген кейіпкеріміз бүгінде ағылшын тілін үйренуге ден қойыпты. Жұбайы да теміржолшы, жолаушылар тасымалында ревизор болып қызмет етеді. Жұптары жарасқан ерлі-зайыптылардың әңгімелері де жарасымды, тақырып ортақ – ол әрине, теміржол.
Сұлугүл Бакесова, Астана
Новости
15.10.2026
Совет руководителей транспортных ведомств ЕАЭС обсудил развитие перевозок и цифровизацию
Новости
15.10.2026
Развитие Среднего коридора рассмотрели на форуме NEW SILK WAY
Новости
15.10.2026
Министры транспорта обсудили цифровизацию перевозок на форуме NEW SILK WAY
Регионы
15.10.2026
Железнодорожный вокзал Карауылкелды открыт после реконструкции
Новости
15.10.2026
Профсоюз и совет ветеранов поздравили пенсионеров-железнодорожников Кокшетау
Спорт
15.10.2026
Финальный этап Кубка ЖФЛ «Казпрофжел-2026» прошел на станции Курорт-Боровое
КТЖ в лицах
15.10.2026
Квизы, спорт и искусственный интеллект: как Дархан Рамазанов развивает профсоюзную работу в Кумистау
Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети