Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Бұрамалар сауықтырылуда
1 мин чтения
Көктем ерте келетін оңтүстікте наурыз айы туысымен жол табанын сауықтыру жұмыстары басталып кетті.
Ірілендірілген Арыс жол дистанциясына Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясынан «Desek» ауыр техникасы келіп, бұрмаларды көтеріп, қиыршық тастарын тазалауда.
Бұл жұмыс өткен жұмада бірінші айналым жол шебері Ерік Махановтың телімінде басталды. №22 А бұрмасының қиыршық тастарын жаңарту үшін 25 жолшы жұмылдырылып, 4 сағат толаскез алған. Телім бастығы Мәткәрім Тұрысбековтың айтуынша, наурыздың алғашқы төрт күнінің ішінде № 6, 22 бұрамалар қоса сауықтырылыпты. Мұнан кейін желілік айналым жолдарындағы Ақдала, Темір станциясындағы бұрмаларды көтеріп, тастарын ретке келтірмек. Былтырғы желтоқсанда 10 жаңа бетон бағыттағыш бұрма беріліп, Арыс – Сарыағаш теліміндегі ескіргендері жаңаланған.