Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
«Машат» күтеді
1 мин чтения
Шымкент жол бөлімшесі бойынша жаздың бірінші маусымында 112 бала Түлкібастағы «Машат» лагеріне демалмақ.
Бөлімшедегі кәсіподақ комитетінің төрайымы Тоқтар Бекованың айтуынша, балаларды лагерьге жіберудің екінші, үшінші маусымы екінші жартыжылдықта белгілі болады екен. Сондықтан, әзірге 8-11 жасар жасөспірімдер маусымның он екісінен бастап 14 күн бойы таудың баурайында сауығып келмек.