Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Шектеу қойылуда
1 мин чтения
Арыс локомотив пайдалану депосында қан қысымы жоғары машинистер сапарға шықпайды.
Сондықтан олар деподағы жеңіл жұмыстарға ауыстырылуда.Ұжымда 386 машинист пен 385 машинист көмекшісі бар. Денсаулығы сыр бергендердің зейнетке жастары жетпегендіктен жұмыссыз қалдырмай, слесарь, жөндеуші, т.б. мамандықтарға ауыстырылып, бекітуде. Ал слесарьлардың арасынан бірқатар денсаулығы жарамды, ішінде колледж бітірген мамандар машинист көмекшілігіне өтті. Депоның директоры Қалдыхан Нышанбекұлының айтуынша, бұл машинистерді жұмыстан шығарғанмен, орнын басатын маман алуға мораторий жарияланған. Шымкент айналымды локомотив пайдалану депосында тек локомотив бригадасының машинистері еңбек етеді. Сондықтан, жоғарыдағы талаппен сәйкес келмейтіндермен келісімшарт тоқтатылған. Оларды Арыстағы депоға жұмысқа қабылдайтыны ескертілгенімен, көпшілігі шалғай ауданға баруға ыңғай танытпай, қаладан жұмыс тауып жатқан көрінеді.