Жүк жеткізуде жауапкершілік күшеймек

Новости
11.04.2017, 15:13
Өткен жұмада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Қанат Сәуірбаевтың жетекшілік етуімен және ЖІІД, ӘТЖК басшылары мен өңірлердегі станциялар жетекшілерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтіп, онда тасымалдағы жүктің сақталымы басты сөз болды. Жиын барысында өткен жылдың және осы жылдың үш айында орын алған тасымалдағы жүктің сақталуы бұзылып, ашылып-шашылып, жоғалған оқиғалар,    сондай-ақ, ашық жылжымалы құрамда металл сынықтары, көмір сынды жүктерді тиеу және тасымалдағы жүкке қатысты ұрлық-қарлықты болдырмаудың алдын алу шаралары қарастырылды. Қанат Әбенұлы, жүктің сақталмауына байланысты кінәрат-талаптар  бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на келген шығындар 2014 жылы 15 оқиға бойынша 26 580,3 мың, ал 2015 жылы 40 оқиға бойынша 128 843,9 мың теңгені, 2016 жылы 38 оқиға бойынша 158 565,2 мың теңгені құрап, жүктің ұрлануына қатысты оқиға саны жылдан жылға өсіп келе жатқанына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, ол Компанияға келген жалпы шығынның негізгі бөлігін, яғни 91,8 пайызын пойыздардың  күйреуі салдарынан жүктің жоғалуы құрағанын жеткізді. –Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жүктің сақталмауына байланысты 21 оқиға тіркеліп, келген шығын 13,2 млн теңгені құрады. Оқиға саны өткен жылмен бірдей, бірақ, шығын сомасының 90 пайызға төмендегені байқалып отыр. Жалпы жүктің сақталмауына қатысты Компания атына келіп түскен кінәрат-талаптар саны артуда. Солардың өткен жылы 36-сына ғана, яғни 158,6 млн теңгеге төлем жүргізуге негізі бар деп табылды. Биылғы жылдың үш айында 4699 коммерциялық акт жасалды, соның 19-ы жүктің ұрлануына қатысты болып отыр, – деді Қайрат Сәуірбаев. Оның айтуынша, теміржол көлігі қызметкерлерінің қатысуымен болатын ұрлық-қарлық оқиғалар саны төмендеп келеді екен. Дегенмен, мүлдем жойылды деуге әлі ерте. Биылғы бірінші тоқсанда Компания атына «металлсынығы» жүгінің жетіспеушілігіне қатысты сомасы 420,8 мың теңгені құрайтын бір шағым келіп түскен. Алдын ала жүргізілген тергеу бойынша жауапкершілік тасымалдаушы тарапқа жүктелуде екен, ал өткен екі жылда мұндай оқиғаға қатысты шағым түспеген. Ал биылғы жылдың басынан бері межеленген станцияларда 36 вагонда сомасы 899,5 мың теңгені құрайтын 104,6 тонна көмірдің жетіспеушілігі тіркелсе, былтыр осы мезгілде 328 вагонда 1655 тонна көмірдің жетіспеушілігіне қатысты факті тіркелген. Сандардың өзі сөйлеп тұрғандай, межеленген станцияларда жүктердің жетіспеушілігіне қатысты оқиғалар саны 9 есеге азайса, салмақтың аздығы 94 пайызға төмендеген. «Биылғы үш айда Компания атына көмір жүгінің жетіспеушілігіне қатысты 170 шағым түсіп, оның сомасы 8,5 млн теңгені құрады. Алайда, соның 2 шағымына ғана төлем жүргізетіндей  негіз бар» деп бөлісті ақпармен «ҚТЖ-ЖТ» АҚ өкілі. Қайрат Сәуірбаев металл сынықтарын тиеп тасымалдау барысында туындаған түйткілдер туралы да баяндап берді. –Теміржол көлігіне тиелген жүктерді тасымалдау барысында сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тасымалды ұйымдастыру саласындағы маңызды мәселе. Бүгінде материалдық жағынан құнды және ұрлануға «қолайлы» болып отырған жүктің бірі «металлсынықтары». Бір жылдары Компания тарапынан құрылымдық бөлімшелерді тарта отырып, жүктің ұрлануына жол бермеу және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында, телеграфтық нұсқамалар жіберу арқылы бірқатар шаралар жүргізілді. Мысалы, жүк жөнелтушілермен бірлесе, металл сынықтарын металл торкөздерімен, брезентті тенттермен және басқалай нәрселермен жабу арқылы жүкке оңай қолжетімділік болмау үшін, сөйтіп, тасымалданатын жүктерді бүтіндей сақтау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты осыған ұқсас түрлі телеграфтық нұсқаулар әр жылдарда беріліп отырды. Бірақ, бұл шаралардың өзі кейбір жағдайда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына мұрындық болды. Мысалы, өткен жылдың маусым айында Талдықұдық – Шағыр аралығында НОД-8 аумағында металл сынықтарын жабуға қолданылған металл табағы ұшып, байланыс желісіне ілініп қалуы себебінен электровоздың токқабылдағышына зиян келтірген. Ал сол жылдың шілде айында Мырза – Шоқай аралығында  НОД-4-ке қарасты  Астана станциясынан тиелген вагоннан  ұшып түскен металл табағын басып өту салдарынан электровоз жолдан шығып кеткен. Осыған ұқсас оқиғалар 2007, 2009, 2014 жылдарда болды. Жүк жөнелтушілер металл сынықтарын жасыру үшін профлист, жаңағыдай металл табақтарын пайдалануда, ал бұл өз кезегінде салдары жүк және жолаушылар пойыздары кідірісіне, жолдан шығып кеткен жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, вагондарды жеткізу мерзімдеріне, жылжымалы құрамдарды, локомотивтерді, сондай-ақ, КТСМ, ПОНАБ құрылғыларын жөндеу сияқты қып-қызыл үлкен шығынға әкелетін пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына әкеп соғуда. Осыған байланысты өткен жылдың 14 шілдесінде  №ЦД/7748-И телеграфтық нұсқауы жіберіліп,  онда қолданыстағы шараларды қамтамасыз етпей-ақ, яғни, міндетті түрде металл сынықтарын металл табақтарымен бүркемей-ақ, бірақ, СМГС-тің 3-ші Қосымшасының 18 тарауы мен 3 тарауының 17 тармақшасына сәйкес жүкті қабылдай беру  ескертілді. Десе де, жүк жөнелтушінің қалауы бойынша жүкті металл табақтарымен  жабуына рұқсат етіледі, бірақ, СМГС-тің 3 Қосымшасының 1 тарауына сәйкес сұлбасы жасалуы міндеттеледі, – деген Қайрат Әбенұлы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және металл сынықтарын тасымалдауда жүк сақталымын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 30 наурызы мен 30 сәуірі аралығында  «Металл сынықтары тиелімі нормасын сақтау – қауіпсіздік кепілі» айлығы жарияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жиынға қатысушылардан осы бағытта тиісті жұмыстарды жүргізу үшін бірлескен жоспар жасауға шақырды.     Кеңейтілген жиында Теміржол көлігіндегі ІІД бастығының бірінші орынбасары Е.Бекенов өткен жылы және биылғы жылдың үш айында  жылжымалы құрамнан жүктің ұрлану фактілері бойынша ақпараттармен бөлісті. «2015-2017 жылдарға арналған бөтен мүлікті ұрлауға қарсы әрекет бойынша» ҚР ІІМ Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Көліктегі ішкі істер департаменті мен оның құзырындағы желілік бөлімшелер тарапынан тасымалданушы жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және жасалған ұрлықты ашуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Былтыр КІІД желілік бөлімшілерінде жылжымалы құрамнан жүктің ұрлануына қатысты 153 оқиға тіркелсе, биыл бірінші тоқсанда ғана 60 оқиға есепке алынды. Олардың дені  көмір, қара металл сынығы мен ферроқорытпа және  халық тұтынатын тауарларға қатысты» деген құзырлы орган өкілі  2016-2017 жылдарға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ӘТЖК» АҚ және КІІД арасында өзара бірлесе әрекет ету бойынша бірлескен шаралардың кешенді жоспары бекітіліп, соның негізінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. КІІД өкілі 2017 жылдың наурыз айынан бастап «D маркасындағы» көмір Қызылжар, Шұбаркөл, Жомарт, Дегелең, Үшқұлын станцияларында «ӘТЖК» АҚ күзетінің ілесуімен тасымалдана бастағанын, бұл шаралар өз нәтижесін беріп, жылжымалы құрамнан көмір ұрлауға қатысты құқықбұзушылықтың төмендегенін көрсете бастағанын жеткізді. Сондай-ақ, ол теміржолшылар жол үстінде табылған тауарлық құндылықтарды өздеріне сіңіріп алған фактілердің де кездескенін айтты. Мысалы, Польшаға бағытталған транзитті пойыз контейнерінен 34 қорап балалар күртесі мен комбинезондар ұрланып, соның 3 қорабы теміржол аралығына түсіп қалғанда, оны тапқан жолшылар өздері бөліп алған. Сонымен қатар, ұрлықтың жасалуына теміржол саласы қызметкерлерінің қылмыстық топтармен жең ұшынан жалғасып, тиелген жүктердің атауы, қай вагонда тиелгені туралы ақпаратпен бөлісуі де себеп болуда екен.   «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, туындап отырған проблемалар жайлы Қоғам вице-президенті Мұрат Қоқаев баяндап берді.  Ол әсіресе, ашық құрамда көмір және металл сынықтарын тиеу мәселесі бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отырғанын, өйткені, тиелім визуальды қаралатынын, ал межелі станцияға жеткенде жүк салмағының жетіспей жататын кездері болатынын айтты. Сондай-ақ, ол теміржолшылар арасында суық қолдылар кездескенде жұмыс істеудің қиын екенін, тағы басқа  мәселелер туралы ой бөлісті. Жиын соңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы Қанат Сәуірбаев кейбір станцияларға қатысты ескертулер жасап, жүктің діттеген жеріне шашау шықпай жетуіне жауапкершілікті күшейтіп, шаралар қабылданатынын, осы орайда жиынға қатысушылармен бірлесе жұмыс істеу операциясы жалғасын табатынын жеткізді.

Сұлугүл БАКЕСОВА

 
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе
Регионы
22.11.2024
Обучение первозимников ведут на предприятиях Семейского отделения ГП
Регионы
22.11.2024
Семинар-совещание по технике безопасности провели на станции Балхаш
Новости
22.11.2024
Около сотни руководителей линейного уровня путевого хозяйства прошли обучение в Астане
Новости
22.11.2024
Вопросы в области логистики и инфраструктуры обсудили на СВМДА в Астане
Грузовые перевозки
22.11.2024
Более 160 тысяч тонн зерна погрузили в ноябре в Костанайском отделении ГП
Новости / Архив
22.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №99 от 22 ноября 2024 года
Регионы
21.11.2024
Директор специализированного мостового отряда Канат Карбозов стал обладателем «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері»
Регионы
21.11.2024
Экскурсию для подростков провели на железнодорожных предприятиях станции Илецк
Регионы
21.11.2024
Условный пожар потушили на станции Кушмурун
Новости
21.11.2024
Дноуглубительные работы досрочно завершили в порту Курык
Новости
21.11.2024
Новые инновационные технологии диагностики пути внедряют на железной дороге в Казахстане
Новости
21.11.2024
КТЖ расширит терминальную сеть в Европе
Грузовые перевозки
20.11.2024
Более 307 тыс. тонн зерна погрузили в ноябре в Акмолинском отделении ГП
Новости
20.11.2024
KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM 2024 пройдет в Астане
Новости
20.11.2024
Казахстан планирует развивать транспортно-транзитные коридоры в формате СНГ +
Регионы
20.11.2024
О мерах безопасности вблизи железной дороги продолжают напоминать учащимся школ и колледжей в Уральске
Интервью
20.11.2024
Об обеспечении безопасности на железной дороге рассказали ревизоры в ВКО