2017 жылдың 3-4 сәуірінде М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» атты XLI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті    М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында "Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе" атты XLI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.    Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізудің мақсаты – ғылыми ақпаратпен бөлісу мен ғылыми кадрларды дайындаудың деңгейін арттыру, болашағы бар ғылыми зерттеулерге қатысуға дарынды жастарды тарту, жақын және алыс шетелдің ЖОО мен көлік компанияларымен өзара ынтымақтастықты орнату болып табылады.    Конференция жұмысына 586 адам қатысты, соның ішінде ғалымдар, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, аспиранттар, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері, сонымен қатар ҚР, Ресей, Германия, Польша, Латвия, Украина, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстанның 60-тан астам ЖОО мен ұйымдардан келген көлік компаниялары мен бизнес саласының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, 4 сәуірде ҚазККА-да Ухань ғылым және технологиялар университетінің Ректоры Ni Hongwei бастаған өкілдерімен кездесу өтіп, онда Ухань ғылым және технологиялар университеті мен "ҚазККА" АҚ арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА аумағында біліктілікті арттыру бойынша бірлескен білім беру орталығын ашу мәселесі сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жоспарланған шараларды іске асыру және орындау мүмкіндіктерін қарастыратындығы туралы келісімге келді.  

                                                                          Лаура ТАСБОЛАТОВА