Арсен Байзақ, Луговой
Қырғыздармен кездесті
1 мин чтения
Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшесінің теміржолшылары көктемгі комиссиялық байқау шаралары аясында қырғыздық әріптестерімен кездесті.
Луговой станциясының басында кездескен екі ел теміржолшылары алдағы жазғы тасымалы, соған орай түйіспелі бекеттегі түйінді мәселелер мен оны шешу жолдарын пысықтады.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне сала мамандары үлкен дайындықпен, жауапкершілікпен қарап отыр. Луговой станциясы түйіспелі станция болғандықтан мұнда Қырғыз елі теміржолшыларының бірнеше қызметі орналасқан. Яғни, әскери күзеті және вагондарды қабылдап алу-өткеру қызметі осы станцияда. Қазір көктемгі комиссиялық байқау шаралары оларда да жүріп жатыр. Екі жақтың да басты мақсаты әрине, ең бірінші кезекте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүктің амандығы, рәсімдеу шараларының дұрыстығы. Вагондарды қабылдап алу мен өткеруде мүмкіндігінше кедергілер келтірмей, уақытылы шығарып салу сынды келелі мәселелерді талқылаған көршілес елдер теміржолшылары тазалық тақырыбына да тоқталып өтті.
–Бұрын Қырғыз теміржолында ескі тепловоздар болып, май төгіліп, ауаны ыластап, тағы басқа қосымша олқылықтар көп болатын. Ал бүгінде Қырғыз теміржолы Қазақстанда жасалған «Эволюшн» тепловоздарын сатып алып, жұмыстарын ширатып отыр, – дейді ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің бас инженері Асылхан Тайлақбаев.