Теміржолшы мамандығымен таныстыру үшін 9-11 сынып оқушыларын М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжінің ұжымы «Ашық есік» күніне шақырды.  Оқу орнының ұстаздары оқушыларға колледж жайлы жан-жақты мағлұмат беріп, зертхана кабинеттерін аралатып шықты. Сонымен қатар, олардың қолдарына барлық мамандық түрлері жазылған парақшалар таратылды. – Қалалық білім бөлімінен хат жібертіп, он бес мектепке бардық. Әр мұғалімге 3-4 мектептен бөлінгендіктен, оқушыларды жинап, кәсіби теміржолшыларды даярлайтын алты  мамандықпен қатар оқу орнын таныстырып келді. Өткен жылы 24 мектептен 400-ге жуық оқушы «Ашық есік» күніне қатысқан. Нәтижесінде сол жолы келген талапкерлердің 30 пайызы колледждің студенті атанды. Ал, кеше қаладағы 30 мектептен 300-ден аса оқушы келіп, колледждің мүмкіндіктерін көрді, – дейді арнайы пән мұғалімі Нұржан Дүйсенбайұлы.

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент