Сабыр СЕЙІЛБЕК, Қызылорда
Болашаққа саяхат жасады
1 мин чтения
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жоба аясында «Атамекен» отбасы үлгідегі балалар үйінің 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Шара еркін жағдайда өткізілді. Ғасырлық тарихы бар Қызылорда локомотив пайдалану депосының мұражайын аралап, арнайы жабдықталған үлгіде қойылған теміржол еңбеккерлерінің бұрышын көрсетуден басталды. Шараны ұйымдастырушылар сонау 1904 жылы «Орынбор – Ташкент» теміржолы салынса, арада бір ғасырдан астам уақыт өткенде «Жезқазған – Сексеуіл» теміржолы салынғанын айта отырып, Қызылорда теміржол бөлімшесінің алға қойып отырған мақсаттарымен де бөлісті. Осы жерден шыққан «Құрметті теміржолшысы» төсбелгісінің иегері, Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев пен Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихтің өмір жолдарымен таныстырды.
Одан әрі қарай балалар «Жолаушылар вагондарын жөндеу-1» мекемесінің жұмыс цехтарында болып, жұмысшылардың бүгінгі тыныс тіршілігімен танысты. Ағаш өңдеу, доңғалақ жөндеу, сырлау, жөндеу және жинақтау сияқты цехтарында өз мамандығының хас шеберлерінің жұмыстарын көзбен көріп, алдағы уақытта өз өмірлерін теміржол саласымен байланыстырғысы келетінін айтып болашақтарын армандады.