Жолаушыларға жеңілдік көп...

Новости
25.04.2017, 10:08
Еліміз үшін биылғы жылдың басты жаңалығы халықаралық Экспо көрмесінің өтуі болмақ. Қазақстанның жаһан жұрты алдындағы абырой-беделін айқындайтын айтулы шараға дайындық теміржолда да жүріп жатыр. Мәселен, Маңғыстаудан жаңа пойыз жолға шықпақ. Осы және өзге де жаңалықтар, алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде бізге «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Мұратбай Көпенов айтып берді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      ─ Биыл, «Эскпо-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында алғаш рет Маңғыстау өңіріне маусым айының 1-нен бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жаңа пойыз бағдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл үш ай жетісіне екі рет жүретін болады, яғни, маусым айының 1-нен бастап қыркүйек айының 10-на дейінгі аралықта. Бұл бұрынғы «Тальго» вагондарындай емес, кеңейтілген, ішінде барлық жағдайы жасалған соңғы үлгідегі вагондардан құралған құрам. «Маңғыстау-Астана» бағытындағы №37/38 жолаушылар пойызы тақ күндері жүретін болса,  ашылғалы отырған «Тұлпар-Тальго» пойызы жұп  күндері жүреді. Сонда бізде  Астана бағытына қарай күнделікті пойыз жүретін болады. Қазіргі жоспарымыз бойынша жұп күндері 840 жолаушы, ал тақ күндері 1144 жолаушы тасымалданбақ. Тағы бір айта кетерлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ  «Эспо-2017» көрмесінің 500 мың билетін сатып алдық. Сол билеттерді әрбір жолаушыға 50 пайыздық жеңілдікпен ұсынып отырмыз. Бұл біздің «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми касcаларында ғана, жекеменшік кассаларда мұндай жеңілдіктер жүрмейді. Яғни, сіз Атырау, Ақтөбе, Астана, Алматы, қай бағытқа болсын бізден билет сатып алсаңыз, билетке қосымша Экспо билетін жеңілдікпен сатып ала аласыз. Сондай-ақ, бізде «Тұлпар-Тальго» пойызына дисконттық карталар да бар. Оның өзі 10 мың теңге тұрады. Осы картаны сатып алсаңыз, кез келген «Тальго» пойызына 15 пайыз жеңілдікпен билет сатып алуыңызға болады. Ол картамен бірге «Экспо» көрмесін тамашалауға мүмкіндік беретін бір премиум билет сыйға тартылады. Аталған дисконттық картаны Астана, Алматы-1, Алматы-2, Карағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Атырау, Орал, Маңғыстау, Павлодар, Петропавл, Кызылорда, Костанай, Семей және тағы басқа да қалалардың темір жол кассаларынан сатып алуға болады.   ─ Жаңадан іске қосылғалы отырған «Тұлпар-Тальго» пойызы уақытша, үш ай мерзімге жүреді ме? Сонда «Экспо»  көрмесі біткеннен кейін бұл пойыз қатынауын тоқтата ма?  ─ Ол жағын әзірге нақты айта алмаймын. Құрамның жолаушымен қамтылуына, аймақ сұранысына  байланысты. «Маңғыстау-Астана» бағытында жүрмесе, Маңғыстау-Алматы пойызының орнына жіберу туралы да жоспар бар.  Эксподан кейін болмаса да, келесі жылы бұл пойыз қайтадан қолданысқа енетіндігі сөзсіз. Себебі,  2018 жылы ескі пойыздардың бәрін тоқтатып, Маңғыстау мен Алматының ортасында тек «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүреді деген жоспар бар. Тағы бір жаңалығымыз, «Маңғыстау-Түркменбашы» дейтін жаңа пойыз шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір оны дамыту сатылары қарастырылуда. Маңғыстаудан Түркменстанға  дейінгі жол 1087 км құрайды. Бәрін есептеп қойдық. Соның төрт вагонын аптасына үш-төрт реттен Болашақ станциясы арқылы тікелей Түркменстанға жүргізу жоспары бар. Өздеріңіз білесіздер, көптеген вагондарды жаңарттық. Қазір біздерде жүрдек пойыздардан басқа, Маңғыстау-Ақтөбе пойызының өзінде Ресейдің «Тверь» зауытынан шыққан жаңа вагондарымыз бар. Украинаның «Крюков» зауытынан шыққан вагондарымыздың жайлылығы да көпшіліктің көңілінен шығып отыр. ─ Жолаушы тасымалын қамтамасыз ететін вагондар саны жеткілікті  дейсіз ғой? ─ Әрине, жеткілікті. Бүгінгі таңда Маңғыстау телімінде Маңғыстау-Ақтөбе, Маңғыстау-Алматы, Маңғыстау-Астана бағдарларына жолаушыларды тасымалдайтын 154 вагонымыз бар. Одан басқа үш бағытта – Мәскеу, Астрахань және Нөкіске жүретін   тіркемелі вагондарымыз бар.  500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Билет сататын бес кассамыз Опорный, Бейнеу, Шетпе, Маңғыстау, Өзен станцияларында орналасқан. Маңғыстау өңірінде 14 пойыз бастығы және 14 пойыз бригадасы бар.  Жыл сайын бұлардың арасында «Үздік пойыз бригадасы» байқауы ұйымдастырылады.  2016 жылдың қорытындысы бойынша біздің №309-310 Маңғыстау-Ақтөбе пойызында жүретін пойыз бастығы Тимур Әлмұратовтың бригадасы «Үздік пойыз бригадасы» байқауының жеңімпазы болды. Мұны айтып отырғандағы себебім, жеңістің арқасында оларға үш ай бойы  60 мың теңгеден сыйлықақы берілетін болады.    Қазақстан бойынша бес фирмалық пойыздың біреуі Маңғыстау өңірінде.  «Маңғышлақ-Астана» бағытындағы №37/38 жолаушылар пойызының ерекшелігі - мұндағы вагондар жаңа төсек-орын жабдықтары, столдарға арналған жаймалар, кілемшелер, киімге арналған ілгіштер, қосымша гигиеналық құралдар сынды жоғары сапалы керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Фирмалық пойыздың қызметтер тізіміне, қазіргі қолданыстағыдан бөлек, төмендегідей қызмет түрлері кірген: жолаушыларды пойызға электрондық билет (жолаушыларды отырғызуға автоматтандырылған бақылау) арқылы отырғызу, бейнемониторлар арқылы бағдарламаларды (купелік және СВ вагондарда) тарату, жолаушыларға гигиеналық топтамаларды, ойындарды, жаңа газет-журналдарды ұсыну және мұздатқыш пен тамақ жылытатын қысқа толқынды пештер бар.    Пойыз Украинаның «Крюков вагон құрылысы зауытында» шығарылған вагондардан құралған. Олардың барлығы жолаушылар вагондарының барлық талаптары мен стандарттарына сәйкес келеді. Жылжымалы құрам мүмкіндігі шектеулі азаматтарды пойызға отырғызу және түсіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталып, вакуумды дәретханалармен, жылыту жүйелерімен және ауа тазарту жүйесімен қамтамасыз етілген.  Бұған қоса, Батыс Қазақстан өңірі бойынша  жалғыз бізде «Маңғыстау-Мәскеу» тіркемелі вагоны бар. Одан бөлек, Мемлекетаралық байланысқа шығатын бағыт Маңғыстаудан Астраханьға жұп күндері екі купе, екі плацкарт - төрт вагон  жүреді. Аймақта оралман бауырларымыз көп. Сол үшін көрші мемлекетке қатынайтын Маңғыстау-Нөкіс дейтін үш плацкарт тіркемелі вагонымыз бар. Бұл  вагондар Маңғыстаудан аптасына төрт рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері жүреді. Айта берсек, жаңалық көп. Мысалы, бұрын бізде тек ескі парк болды. Қазір төрт жолдан тұратын, әр жолдың сыйымдылығы 12 вагонға арналған жаңа парк салынды. Бүгінгі күні осы парк арқылы бір күнде 4-5 пойыз қабылдауға мүмкіндігіміз бар. ─ Түсінікті. Көрме билеттеріне қайта оралсақ, оны сатып алуда қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Негізі, Экспо көрмесіне арналған билеттер - белгілі бір күні қойылған, жұмыс күндеріне арналған билет, күні қойылмаған жұмыс күндеріне арналған билет, күні қойылмаған демалыс күндеріне арналған билет деген үш түрге бөлінеді.  Бірақ, қай билетті сатып алсаңыз да, 50 пайыздық жеңілдік жойылмайды. Бұл тұрғыда вокзалдың ішіндегі ресми кассаларда жарнамалық жапсырмаларымыз тұр. Халық түсінсін, білсін деген мақсатта мұндай жарнамалар жергілікті телеарнаға да берілді. Көрмеге Маңғыстау өңірінен  65 мың адам барады екен. Ал, жалпылама түрде айтулы шараны 115 елден  5 млн. адам тамашалайтын көрінеді. Біз қазір 500 мың билет алғанмен, оларды сатсақ, тағы соншама билетті алып сатуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл халыққа жасалған жеңілдік, ұсыныс қана ─ Ақпаратыңыз үшін рахмет.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года