Ұжым өз таңдауын жасады
Новости
03.05.2017, 14:56
Өткен аптада «Семей ЖТ бөлімшесі» кәсіподағы ұйымының филиалы Семей локомотив депосындағы кезектен тыс конференцияда жаңа төраға сайланды.
Мандат комиссиясы есебінше, 450 мүшесі бар филиалдың бастауыш ұйымынан 85 делегат сайланған екен. Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподағы ұйымының төрағасы Асхат Жармұхаметов жүргізген конференцияға «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ ұйымының бас бухгалтері Айқын Өтегенов, салалық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Семей аймағы бойынша өкілі Алик Досанов және депо бастығы Дәулет Ыдырысов қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Айқын Серікұлы локомотив депосы бастауыш кәсіподағын 15 жыл басқарған Мұрат Исаковқа «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Төлегеновтың алғысын жеткізіп, иығына шапан жауып, үлкен теледидар сыйға тартты.
Салалық кәсіподақ ұйымы орталық кеңес өкілі Алик Досанов локомотив депосы бастауыш кәсіподақ ұйымының өткен кезең ішінде атқарған іс-шараларына тоқталып, ұйым жұмысына оң баға берді. Ал оның төрағасы Мұрат Вахитовичті зейнетке шығуымен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттап, ескерткіш сыйлық табыс етті.
Семей локомотив депосының бастығы Дәулет Тайтөлеуұлы жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының тығыз байланысы жайлы сөз қозғап, кәсіпорындағы еңбек тәртібін қатаң бақылауда ұстап, жұмыс сапасын арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін бастауыш кәсіподақ ұйымына, оның жетекшісі Мұрат Исаковтың атына ризашылығын білдіріп, бүгінгі күнге дейін еткен еңбегінің жемісін көруге тілектес екендігін жеткізді.
Күн тәртібінде сонымен қатар ұйымдық мәселе де қаралды. Асхат Жармұхамбетов бастауыш кәсіподақ ұйымында бұрынғыдай босатылған төраға болмайтынын, ендігі жерде цехком басқаратынын жеткізді. Яғни, өзінің негізгі лауазымдық жұмысымен қатар кәсіподақ жұмысын қоса атқаратын адам сайлау керектігін айтып, қатысушыларды ұсыныстарын білдіруге шақырды.
Депоның машинисі Р.Трайспаев жаңа төрағалыққа лайық деп кәсіпорында ұзақ жылғы тәжірибесі бар, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Ержан Сабитовтың кандидатурасын ұсынды. Әріптестерінің ұсынысын машинистер А.В.Кремнев, Р.Х.Жакижанов, М.В.Исаковтар да қостады. Олар Ержан Сабитов 2002 жылдан бері депоның бастауыш кәсіподақ ұйымымен біте қайнаса жұмыс істеп келе жатқанына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, тапсырылған жұмыстарды тиянақты атқарғанына тоқталды. Ұйым төралқасы жаңа төрағалыққа Е.Сабитовты ұсыну туралы шешім қабылдап, ашық дауысқа салғанда делегаттар Локомотив пайдалану депосының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы етіп Ержан Сабитовты бірауыздан сайлады.
Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей
Регионы
17.09.2026
Волонтёры КТЖ оказали помощь в проведении инклюзивного велопробега в Караганде
Регионы
17.09.2026
КТЖ организовало летний отдых для 175 детей павлодарских железнодорожников
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года