Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Шеруде – рельс зауытының жұмысшылары
1 мин чтения
Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне Ақтөбеде өткен мерекелік шеруге рельсарқалық зауытының жұмысшылары да қатысты.
Болашақ теміржолшылар, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен бір қатарда шеруде жүрген зауыттықтар бірдей тігілген әсем формаларымен көптің назарын өздеріне аударды. Бес мыңдай адам Әбілқайыр хан даңғылының бойымен жүріп өтті. Ұмытылып бара жатқан мерекелік шеруді көруге асыққан тұрғындар мен қала қонақтары ұлттар мен ұлыстар татулығын сөз етіп, облыста тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері бір-біріне бейбіт өмір тілеп жатты. Облыста 18 ұлттық-мәдени орталық жұмыс істейді. Ондаған ұлт пен ұлыстың өкілі тұратын өңірде ауызбіршілік, татулық бар.
Айта кетейік, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы да интернационал деуге болады. Мұнда өзбек, украин, татар, орыс, неміс, кәріс, т.б. ұлт өкілдері ұзақ жылдардан бері қоян-қолтық араласып, еңбек етіп келеді.