Астанада 2-5 мамыр күндері өткізілген дәстүрлі «WorldSkills Kazakhstan - 2017» ұлттық чемпионатында Тараз теміржол колледжінің студенті жүлдегер атанды.Ұлттық чемпионат Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының аясында жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізді.Жамбыл облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 9 студент қатысып, солардың қатарында № 13 Тараз теміржол колледжінің студенті Нұрбай Қыпшақбай «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иегерлері атанды. Қазіргі уақытта WorldSkills жобасы 76 мемлекетке қолдау тауып отыр. Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының құрамына 2017 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелген. «WorldSkills Kazakhstan» жобасының мәні – жұмысшы мамандарының мәртебесін арттыру.