Бекбол Құлдан, Ақтөбе
Мониторинг жүргізіп отыр
1 мин чтения
Ақтөбедегі көліктегі санитарлық қызмет теміржол мекемелерінің сенбіліктерге шығуына мониторинг жүргізе бастады.
Теміржолшыларға тазалық шараларына қатысты қатынас қағаздарын жолдап, тазартылуы тиіс учаскелерді нұқсап отырған санитарлық қызмет өкілдерінің арқасында Жіңішке – Ақтөбе – Әлжан станциялары, яғни 1777 – 1804 км аралығындағы магистральді теміржол телімдерінің екі жақты деңгейінде 22 метрде сенбіліктер ұйымдастырылды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы бойынша да тазалық акцияларына қатысатын мекемелер тізімі жасақталды», – деп хабарлайды Ақтөбе бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Б.Жұмағалиев.
Сенбіліктерге Ақтөбе локомотив пайдалану депосы, «Қазтранссервис» АҚ «Батыс» филиалы, «Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы», Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы, Ақтөбе жол дистанциясы мен Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы қатысқан. Жалпы, теміржол мекемелері әр аптаның бейсенбі және сенбі күндері шығып отыруы арқасында 37 тонна тұрмыстық қатты қалдық қалалық полигонға шығарылған.