Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жылжымалы құрам жаңартуды қажет етеді
1 мин чтения
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде қызмет ету ұзартыла беріп әбден тозығы жетіп ескірген локомотивтер мен вагондар паркін жаңарту – уақыт талабына айналуда.
Өңірдегі локомотив пайдалану деполарындағы электровоз паркі – 77,5 бірлікті құраса, оның 52 бірлігі пайдалануы ұзартылған мерзімімен жұмыс істеуде. Тепловоз паркі – 57 бірлікті құраса, сериялары бойынша ТЭ33А – 20 бірлік, 2ТЭ10 – 3 бірлік, ТЭМ-2 – 34 бірлік. Соңғы ТЭМ-2 тепловозының 34 бірлігі 1972-1987 жылдар аралығында шығарылғандықтан, қызмет мерзімі ұзартылған. Пайдалану уақыты 28 жылға берілгенмен, «темір тұлпарлар» 45 жылдан бері Арыс –Түркістан – Шиелі арасында жүйткіп келеді. 2ТЭ10 тепловозы – 3 бірлік болса, оның екеуі тозығы жетіп, қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылған. Ал біреуі қызмет мерзімі ұзартылып, рельс майлауға қолданылуда.
Жылжымалы құрамға қатысты, бөлімше басшылары вагон иелеріне қойылар талап күшейсе дейді. Яғни, вагондардың қолдану кезінде техникалық жағдайын және жөндеу сапасын қадағалау қажет. Сондай-ақ, вагондарға жөндеу жүргізу кезінде меншік иесінің немесе меншік өкілінің қатысуын міндеттеу керектігі де айтылуда.