Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Қандыағаштан қанат қаққандар
1 мин чтения
Еңбек жолын теміржолшы болып бастаған Нағашыбай Балмаханов «Қандыағаштан қанат қаққандар» атты кітап шығарды.
Кезінде Қандыағаш локомтив депосында шаруашылық цехының жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс істеген автор бүкіл саналы еңбек жолы мен өмірінің қызықты сәттері өткен тоғыз жолдың торабы Қандыағаш, одан шыққан даңқты теміржолшылар туралы сөз қозғайды.
Тарих беттеріне шолу жасаған Нағашыбай Балмаханов алдымен Қандыағаш қаласының құрылуы туралы баяндайды. 1905 жылы Орынбор – Ташкент теміржол құрылысы кезінде Қандыағаш разъезд ретінде негізі қаланыпты. Бүгінде Мәскеу –Ташкент, Атырау – Орск жолдарының қиылысында орналасқан тоғыз жолдың торабы.
Автор Қандыағаш станциясының вагон шаруашылығында техникалық қызмет көрсету бекетінде еңбек еткен соғыс және еңбек ардагері Игнат Стариков пен Орынбор темір жолының 52-дистанциясының жол бригадирі болған, тар заманда екі, кейде тіпті үш адамның жұмысын атқарған орнына жүрген Құрметті теміржолшы Молдаш Жаңабергенов туралы тебірене жазады. Соғыс жылдары жол бұрушы болып еңбекке араласқан 16 жастағы жасөспірім, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы шақырылымында депутат болған Қандыағаш локомотив депосының машинисі Владимир Лисовский жайлы да сөз етеді.
Қысқасы, ел мен жер тарихымен танысқысы келгендер үшін көп құнды деректер жинақталған.