«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың 23-24 мамырда Қытайға Чэнду және Чунцин қалаларының Халық үкіметі өкілдерімен жемісті кездесулер өткізуге мүмкіндік бергенін хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.   Жуырда Бейжіңде өткен «Бір белдеу – бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ляньюньган порты, COSCO Shipping компаниясымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-сын бірлесіп дамыту тұрғысындағы үшжақты келісімге қол қойылғаны белгілі.    «Бұл оқиғаға логистикалық нарық ойыншылары қызығушылық танытып отыр. Бұл өз кезегінде еуропалық бағдарға шығатын жаңа дәліздерді игеруге серпін береді», – дейді осы жайтқа қатысты өз ойын білдірген ҚТЖ жетекшісі.  Қанат Алпысбаев аспан асты еліне бұл жолғы сапарында Чэнду қаласы Халық үкіметінің логистика басқармасының бастығы Ч. Чжунвэймен, ал Чунцин қаласы Халық үкіметінің Ақпараттандыру және экономика жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Я. Лиционмен кездесулерінде «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасын бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығы жан-жақты сөз болды.      Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы Достық және Алтынкөл сынды теміржол өткелдері арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыру, Еуропа, Орталық Азия елдері, Иран, Түркия  бағдарына контейнерлік тасымалды бірлесіп дамыту жайын ақылдасты.  Сонымен қатар, Қытайдан Еуропаға Қазақстан аумағы арқылы төрт айдағы контейнерлік тасымалды ұйымдастырудың оң нәтижесін атап өтті. Күні бүгінге дейін Чэнду – Еуропа – Чэнду бағдарына 232 пойыз қатынаған. Бұл  дегеніміз – өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төрт есеге жоғары көрсеткіш. Чунцин – Достық/Алтынкөл – Дуйсбург бағдарына 102 контейнерлік пойыз жіберілген. Яғни,  өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 41 пойызға көп. Кездесуге қатысушы тараптар, сонымен қатар  кері қарай қатынайтын контейнерлік пойыздарды да жүктермен қамтуды, оның сыртында, қазақстандық тараптың бастамашылығымен тез бұзылатын азық-түліктерді рефирижаторлық контейнерлермен тасымалдауды ұйымдастыру мәселесін қарастырды. Қытай Халық Республикасына сапары барысында Қанат Алпысбаев DHL компаниясының басшылары С. Хуангпен және З. Енжинмен де кездескені атап өтілуде. 

Ескендір Абытхан