25 мамыр күні  Астана вокзалында өткен оқу-жаттығу шарасы «Бәйтерек» жүрдек пойызының №11 вагонында этиологиясы белгісіз қызбалы науқастың анықталуына байланысты өрбіді.      Кешкі сағат 16-24 шамасы  Алматы-Астана бағытымен келе жатқан «Бәйтерек» жүйрік пойызының бірінші жолға қабылданатыны екі мәрте хабарланды. Бірақ пойыз келмей тұрып-ақ вокзалда қарбалас  басталып кеткен болатын.  Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастамасымен желілік ішкі істер бөлімі мен  төтенше жағдайлар қызметі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мекемелері қатысқан оқу-жаттығу  барлық мүдделі қызметтермен эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралардың жүргізілуін меңгеру мақсатында жүргізілді. Белгілі шарттарды сақтай отырып науқасты қабылдап алған «Жедел жәрдем» станциясының мамандары оны оқшаулау бөліміне алып кетті. Ал, санитарлық-эпидемиология мамандары вагонның іші-сыртын түгелімен дәрілеп шықты.   Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Көліктегі қоғамдық денаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Болат Қалмағанбетов қатысқан жаттығу жоғары дәрежеде өтті деп бағаланды.  

                                                                                 Төребай КЕНЖЕБАЙ