Әрқашан күн сөнбесін

Новости
02.06.2017, 09:31
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мен салалық кәсіподақ ұйымының 25 жылдық мерейтойына орай бүлдіршіндерге арналып қызғылықты квест сайысы мен асфальтқа сурет салудан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараға ұйытқы болған бөлімшенің кәсіподақ ұйымы. Балақайлар өзара командаларға бөлініп бірінші кезекте квест ойынының көрігін қыздырды. Ақыл-ой алғырлығы мен эрудициялық қабілет сынға түсетін бұл ойын бойынша бүлдіршіндерге бірнеше тапсырма берілді. Бірінші кезекте карточкалардағы суреттерге қарап, әңгіме құрастырып айтулары қажет болса, екінші кезекте қаланың көрнекті жерлері суреттеріне түсініктеме берулері талап етілді. Сонымен қатар, еліміздің саяси-мәдени өміріне қатысты сауалдар да қойылды. Бұдан бөлек, әр команда өздері құрастырған ұрандарын айтулары қажет болатын. Маңызды тапсырманың тағы бірі бойынша команда мүшелері өзара ойластыра отырып, бөлімшенің кәсіподақ ұйымына арнап эмблема құрастырулары тиіс еді. Бұл ойын шарттарының барлығына санаулы ғана уақыт берілді. Әрбір сын бойынша бөлімше мекемелерінің кәсіподақ ұйымдары төрағалары жетекшілік етті. Нәтижесінде, балақайлар да ерекше ойынға белсенділікпен қатысып, қарым-қабілеттерін көрсете білді. Аталмыш сайыс қорытындыланғанша барша балақай бөлімшенің кең ауласында арнайы ұйымдастырылған флэш-мобқа қатысып, бірлесіп көңілді би биледі. Ал, ерекше шара соңында барлық команда мүшелеріне мерекелік сыйлықтар табыс етілді. Бүлдіршіндер үшін арнайы әзірленген сыйлықтар пакетін салалық кәсіподақ ұйымы Орталық кеңесінің өкілі Алик Досанов табыс етті. Сонымен қатар, бөлімше ауласында асфальт үстіне суреттер салған бөбектер де сыйлықтарға кенеліп, мақтау-марапатқа кенелді.

Қуаныш Қожаев, Семей   

Бүгін Қызылордалық теміржолшылар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Локомотив» стадионында жас өспірімдердің шеберліктерін шыңдау, салауаттылыққа баулу, балалар арасында атулық пен достықтың артуы үшін спорттық жарыстар өткізді. Мерекелік шараның ашылу салтанатында Қызылорда жүк асымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев пен «Қазкөліккәсіп» ұйымы аймақтық филиалы төрағасы Өмірбек Жүсіповтер әріптестерінің балаларын мерекемен құттықтап, осы бастан салауатты өмір салтын ұстанып, шымыр болып шынығып болашақта дәрі-дәрмекке мұқтаж болмау керектігін ескертті, жазғы демалысты мерекемен бастаған сіздер бақыттысыздар дей келіп жеткіншектердің әрдайым бақыт құшағында болуын тілеп бата берді. «Қазкөліккәсіп» ұйымының 25 жылдық мерейтойымен сәйкес келген балалар қуанышын қызықты өзткізуді ойластырған кәсіподақ ұйымы белсенділері стадионға жиналған теміржол саласының су шаруашылығы болатжолшыларының «Тжсу», машинистердің «ТЧЭ-34», белкөлдіктердің «ДС Белкөл», Қызылорда станциясының «ДС Қызылорда», вагоншылардың «ВЧД-6», электрмен жабдықтаушылардың «ЭЧ-25», магистралдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» және жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД-10» секілді кіл балалар командаларының әр қайсысына спорттық киімдер тарту етіп киіндіруден жарысқа дайындықты бастады. Кәсіподақ мүшелерінің спорттық киімдерін киген сегіз құрама қоманда екі турдан тұратын эстафеталық жүгіру, дартс, қашықтыққа доппен, скакалкамен жүгіру, шеңбер ішінде қосарланып жүгіру секілді қызықты жарыс пен ойындар ұйымдастырып балаларды шаттыққа бөледі. Жанкүйерлері ата-аналары болған балалар да жарысты тартысты өткізіп жүделі орындардан көрінуге ұмтылды. Мереке күнгі сайыста  «ТЧЭ-34» құрамасы үшінші орын, «ЭЧ-25» екінші, «НЖС-10» құрамасы жүлделі бірінші орын иеленді. Жүлдегерлерге медаль мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жалпы бүгінгі мерекеде жарысқа қатысушылардың ешбірі сыйлықсыз қалған жоқ. Жарыс соңында барлық балаға балмұздақ үлестірілді, жарысқа қатысып жүлделі орынға ене алмаған команда мүшелері жұбаныш сыйлығы берілді, «Теміржол» филиалы басшылығы атынан бес ата-анаға алғыс хат тапсырылды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жамбылдық теміржолшылар да бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Бөлімшеге қарасты теміржолшылардың 800-ге жуық балаларына  Т.Рысқұлов атындағы орталыққа саябаққа тегін билет таратылып, балалар ойын-сауық кешендерінде ойын көрігін қыздырды. Тегін балмұздаққа да қарық болды. Бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне Жамбыл жол бөлімшесі кәсіподақ ұйымы ұйытқы болды. – Бүгін осы мереке аясында «Бала – өмірдің гүлі» тақырыбында арнайы акция өткізіп, ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі қызметкерлерінің балалары бөлімше алаңшасына гүл отырғызды. Бұл балаларды әдемілікке, ұқыптылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді, – дейді Жамбыл жол бөлімшесі кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаева.

Ерман Әбдиев, Жамбыл 

Балаларды қорғау күніне орай Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде  40 шақты теміржолшылардың балаларына ойын-сауық шарасы өтті.  «Қазкөліккәсіп» ұйымының 25 жылдық мерейтойының құрметіне кәсіподақтың ұйымдастыруымен өткен шарада екі топқа бөлінген балалар асфальтқа жазылған «Қазкөліккәсіп» сөзін түрлі-түсті бормен бояп жарысты.  Арасында ән айтып, жұмбақ жасырды. Ойын соңында балаларға  түрлі-түсті қаламсаптар мен  тәттілер тарту етілді.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент 

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ ұйымдары 1 маусым – балаларды қорғау күніне арнап мерекелік серуен ұйымдастырды.  Олар 6-12 жас аралығындағы 500-ге жуық теміржолшылардың балаларын Ақтау қаласындағы «Юность»  кинотеатрына апарып, жаңа шыққан «Трио в перьях» мультфильмін тамашалатты. Одан соң  балалар облыстық өлкетану музейіне саяхат жасап, мұражайдағы экспонаттар мен құнды дүниелерді тамашалады.  Халықаралық балалар күніне орайластырылған шара балғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік қыдыртудан кейін барлық балаға арнайы сыйлық-топтамалар, тәттілер үлестірілді. 1 маусым күні Мұнайлы ауданы, «Дәстүр» мейрамханасында «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік шоу өткізілді. Билет құны 2500  теңге тұратын бұл шараға теміржолшылар 50 билет сатып алды. Себебі, мерекелік шараға түскен қаржы мүмкіндігі шектеулі, науқас балалардың еміне жұмсалмақ екен. Айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айында бұл да қайырымдылықтың бір үлгісін көрсетсе керек.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай маңғыстаулық теміржолшылардың балалары «Менің отбасым теміржолшы» атты сурет сайысында бақ сынады. Оған түбектің түкпір-түкпірінен 5-13 жас аралығындағы балғындар жұмысы қабылданып, 18-і арнайы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.        Байқауды «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымы партияның «Бақытты отбасы –Бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырды. Сайысқа келіп түскен суреттер ішінен  шойын жолмен жүйткіп бара жатқан пойызды бейнелеген Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының аға электромеханигінің қызы Таңнұр Шалқардың өнері көпті тәнті етті.  Ең жас қатысушы – 5 жастағы Аида Базарбай да қиялындағы атасының паровозын қағазға түсіріпті. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Дюсалиев әрбір баланың өнерін бағалап, балғындарға жазғы демалыстарын көңілді өткізуге арналған құрал-саймандар толы сөмкелер сыйлады.  

 Шахида Жұман

  «Қазпрофтранстың» 25 жылдығына орай елордада түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. 1 маусым – Халыақаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балауса болашақ» сурет байқауының марапаттау рәсімі өтті.   Астана жол торабы ұйымдарынан жиналған 24 бала алдымен екі топқа бөлініп, квест ойнады. Ауладағы асфальтқа түрлі-түсті бормен  сурет салып жарысты.  – Барлық балаларды мерекелерімен құттықтаймын! Бізде жыл сайын «Балауса болашақ» атты сурет байқауы өтеді. Оған 3 пен 12 жас аралағында балалар қатысады. Басты тақырып көбіне теміржол болатын. Биыл біз елімізде өтетін халықаралық көрмеге орай байқаудың басты тақырыбын «ЭКСПО-2017» деп алдық. Біз бүгін кәсіподақтың Астана филиалына қарайтын 37 ұйымнан белсене қатысқан балаларды марапаттаймыз, – деген  «Қазпрофтранс» ҚБ Астана филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев дәстүрлі «Балауса болашақ» сурет байқауының қорытындысын жариялап, жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

 
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова