Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Айлық аясындағы шаралар
1 мин чтения
Бейнеу жол дистанциясы жолға ағымдық жөндеу жұмыстарымен қатар көктемгі байқау тексерістерінен кейінгі кемшіліктерді жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Жолшылар әсіресе қауіпсіздік шараларына аса ден қоюда. Өйткені «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» атқарушы директоры Жарас Изгуловтың бұйрығы бойынша өткен «Қауіпсіз жол» айлығы аясында жолшылар жол күтімін жақсарту, теміржол өткелдерін жөнге келтіруді қолға алған.
─ Мақсат – жолды ағымдық күтімде ұстау. Қазір №1-ші айналымның жол күтіміне 20 балдық көрсеткішпен өте жақсы баға берілді. Ең өткір мәселенің бірі қараусыз жүрген үй малдарын пойыз басу жағдайы болып отырғандығы белгілі. Сондықтан бірі жолға мал шығармау, қарсы қоршаулар тұрғызу бағытынды да тынымсыз жұмыс жүріп жатыр. Жол бойының қауіпті телімдеріне тікенек сым тартып, жан-жағына бағана қағып, теміржолға мал өткізбеудің жолдарын әкімдікпен бірлесе қарастырып жатырмыз, – дейді Бейнеу жол дистанциясы №1-ші айналымның жол шебері Бөкенбай Табылдиев.
Көктемгі сынақтан соң бағыттама бұрмаларда кездескен кемшіліктер жойылып, теміржол өткелдері қалпына келтірілген. Ал арнайы телеграммалық нұсқаулық бойынша өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлық шарасы мамыр айының соңында қорытындыланбақ.