Семейлік жастар  ұлттық компания бойынша қолға алынған қайырымдылық марафоны аясында қаражат жинап, мүмкіндігі шектеулі жандарға  көмек жасауды дәстүрге айналдырған.  Міне, айлардың сұлтаны рамазанда да тағы бір жәрмеңке ұйымдастырылып,  мүгедек балалары бар отбасыларға қайырымдылық көмек жасады.    - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әріптестеріміздің жәй ғана үлес қосуының өзі теңіздей көмекке айналады. Жыл басынан бері үш рет осындай жәрмеңке өткізіп. Қыркар қаржы жинап канша отбасын қуанттық. Науқас жандарға дәрі әпердік.  Біздің ұсынып жатқан азғантай көмегімізге қуанған жандарджы көріп біз қуанаымыз.  Жалпы, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – жаныңа жылылық сыйлайды екен, - дейді семейлік жастар жетекшісі Ләззат Айтмұханова. Жастар қолға алған мұндай қайырымдылық шарасы жыл соңына дейін жалғаспақ. Сонымен қатар, биылғы жылы жаңадан қолға алынған «Жазғы каникул» атты ерекше тың жоба аясында табиғат аясына серуен, флэш-моб сынды бірқатар іс-шаралар өткізілетін болады.

Қуаныш Қожаев, Семей