Қызылордалық теміржолшы ардагерлер кеңесі төрағасы Қазбек Рахметов пен бөлімше кәсіподағы төрағасы бүкіл ғұмырын салаға арнаған қос ардагерді құттықтады. Торқалы тоқсан жасқа толған Мырзагүл Қожабергенова мен жетпіс жасты толтырған Қаншия Тұрмағанбетованы үйлеріне арнайы барып,  мерейлі мерекелерімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етті.  –Аймақтық ардагерлер кеңесі мүшелері ардагерлердің қазіргі хал-ахуалдарын білу, оларға мүмкін болатын көмектің берілуіне ықпал жасау секілді жұмыстармен қатар мерей жасына келген теміржолшыларды құттықтау шараларын ұйымдастырып келеміз. Бұл жұмыстарымызға теміржолшылардың кәсіби одағы ұйымы да көмек қолын ұсынып, салмақты бөлісіп, адагерлердің қуанышына еселеп үлес қосып отыр, – деді ардагерлер кеңесі төрағасы Қазбек Рахметов.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда