Қандыағашта өткен қауіпсіздік кеңес

Новости
13.06.2017, 13:53
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы басшылығының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласында «Электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру» атты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәжірибелік семинар болып өтті. Шараға Ақтөбе және Орал бөлімшесінің энергетиктері жиналды. Мекеме басшысы Сәкен Орынбаевтың айтуынша, шараның мақсаты өндірістегі жарақатты болдырмау, еңбек қауіпсіздігін жақсарту, технологиялық және еңбек тәртібін жоғарылату, жедел-техникалық құжаттама жүргізудің сапасын арттыру, электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша электр қондырғыларының құрамы мен қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсарту. Бүгінде Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясына Орал дистанциясы да кіреді. Сондықтан бұл шараға Ақтөбе бөлімшесі бойынша Никельтау, Әйтеке би, Қандыағаш, Шұбарқұдық, т.б. тораптарындағы жауапты мамандармен қатар көрші Батыс Қазақстан облысынан да мамандар шақыртылды. Семинар аясында Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының осы жылдың 5 айы бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғау жағдайы бойынша мекеменің бас инженері Қуаныш Әленов баяндама жасады. Оның хабарлауынша, өндірістегі ақаулардың болуына жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы себеп. Жарақат алатындар электр бағандарында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Тексеру барысында техникалық құжаттамалардың әлсіз жүргізілетіні анықталған. Нормативтік-техникалық құжаттарды білмейтіндер де бар болып шықты. – Барлығымыз білеміз, энергетиктер жұмысы оңай емес. Электр тоғымен жұмыс істеу қауіпті. Аса сақтықты қажет етеді. Оның өмірге, денсаулыққа қауіпті екенін еш уақытта естен шығаруға болмайды. Барлығымыздың отбасыларымыз бар. Үйде күтіп отырған бала-шаға бар. Сондықтан менің осы сөздеріме ерекше мән берулеріңізді сұраймын. Біздің жұмыста қателікке жол  бермеу керек, – деді бас инженер.       Семинар барысында баяндамалар легінен кейін тәжірибелік бөлімі Қандыағаш станциясының дөңес паркінде жалғасты. Ондағы электр қондырғыларының жұмыс істеу барысымен білікті мамандар таныстырды. Сонымен бірге, трансформатор жұмыстары көрсетілді. Семинарға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, білікті кеңестер алды. Ал тәуліктің екінші жартысында барлығы өндірістік полигонға шығып, монтерлардың жұмысты қалай бастауы керектігі жөнінде дәріс алды. Дистанция кезекшілері наряд толтырудан бастап, электр қондырғыларын жөндеуге дейінгі аралықта қандай процестерге мән берілу керектігін іс жүзінде ашық аспан астында көрсетті. Қатысушылар алған білімдерін өз учаскелерінде өндірісте пайдаланатындықтарын жеткізді. Шара соңында дистанция басшысы оларға семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар табыстады.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Новости
25.08.2026
Более 19,5 млн тонн угля перевезло КТЖ к новому отопительному сезону
Новости
25.08.2026
Более 450 раз машинисты прибегали к экстренным торможениям из-за выхода на пути животных
Регионы
25.08.2026
Узловое совещание прошло в Уральске
Новости
25.08.2026
Реконструкция 72 железнодорожных вокзалов завершена в Казахстане
Новости / Архив
25.08.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №67 от 25 августа 2026 года
КТЖ в лицах
24.08.2026
Главу АО «Теміржолсу» Түсіпбек Қойшығұл проводили на пенсию
Новости
24.08.2026
КТЖ расширяет применение Trip Optimizer и Kinetix
Регионы
24.08.2026
Транспортная прокуратура и полиция провели профилактическую встречу с павлодарскими железнодорожниками
Грузовые перевозки
24.08.2026
Объем грузовых перевозок за 7 месяцев достиг 184,4 млн тонн
Новости
24.08.2026
ТОО «КТЖ – Грузовые перевозки» – «Ақмола» победило в конкурсе «Үздік теміржол ұжымы»
Регионы
24.08.2026
Павлодарские железнодорожники провели профилактическую акцию в детском спортивном клубе
Регионы
23.08.2026
Ж/д вокзал Актобе открылся после реконструкции
Регионы
23.08.2026
Реконструкция вокзала Тобол завершена в Костанайской области
Регионы
21.08.2026
Будущие водители увидели железную дорогу из кабины локомотива на станции Арыс
Пассажирские перевозки
21.08.2026
Пассажирский поезд «Нурлы жол – Аркалык» продолжит курсировать до конца года
Новости
21.08.2026
Рука помощи: ребенок из семьи железнодорожников нуждается в курсе платной реабилитации
Инфраструктура
21.08.2026
Очередной этап модернизации завершен на железнодорожном участке Кандыагаш – Тобол
Регионы
21.08.2026
Вокзалы Акмолинской области меняют облик
Инфраструктура
21.08.2026
Двухпутное движение запущено на перегоне Жетыген – Курозек
Новости
21.08.2026
Казахстанско-китайское взаимодействие в транспортно-логистической сфере обсудили в Kazlogistics