Динар МЕЙІРМАН. Шымкент
Қалауын тапса қар жанар
1 мин чтения
Ірілендірілген Арыс жол дистаниясында талай жыл инженер-механик болып еңбек етіп келе жатқан Жеңіс Исабайұлы өндіріске пайдасы бар тағы бір тиімді өнертапқыштық ұсыныс жасап қана қоймай, оның пайдасын іс жүзінде дәлелдеді.
Әрине, бұл жерде аса күрделі ештеңе жоқ, бірақ «қалауын тапса қар жанар» демекші, күн сайын пайдаланатын дистанциядағы сыртқы қақпаның жайы жолшыларды алаңдататын. Дрезиналар әр кіріп-шыққан сайын бір ашылып-бір жабылып тұратын темір қақпаның топсалары (ашық-машық) ескіргендіктен, арасында әстен шыққандары да бар, ауыр қозғалып, күшпен жылжытатын болған. Осыны жеңілдету жолын ойлап тапты Жеңіс Жүзжанов. Ол топсаның майын құйып темірлерін әрлендірумен қатар, жеңіл қозғалатындай етіп арасына майланатын шарик салған.
– Күніне пәленбай рет ашылып-жабылатындықтан депо, шеберхана сынды теміржол мекемелерінің сыртқы қақпаларының ашық-машықтары тез тозып, ескіреді. Себебі, темірдің салмағы ауыр. Топса жоғары жағынан майланып, бұрын бір орында тұрса, бұл жолғысы айналып тұрады. Яғни, ашық-машық еркін қимылдау үшін топсаның жоғары жағынан ойық жасап тесіп, майланған шарик кіргіздік. Содан кейін тоспа көлемі ұлғайып, ішінде қимылдап тұратын шариктің қызметі қақпаның ашылып-жабылуын жеңілдетті, - дейді идея авторы.
Өнертапқыштық емей не?!