Транскаспий бағдары:  даму, тиімділік, бәсекеге қабілеттілік

Новости
16.06.2017, 16:56
Астанада «Транскаспийлік Халықаралық  Көліктік Бағдар (ТХКБ) бойынша көлік инфрақұрылымын дамыту, тасымалдың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Литва, Польша және Қытай елдерінің делегациялары қатысты. Дөңгелек үстелге «ТХКБ» ХА» ЗТБ бас хатшысы Бауыржан Құлышев модераторлық етіп, жиынның ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті – «ТХКБ» ХА» ЗТБ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев сөз сөйледі. –Бүгін Астана экономикалық форумы және «New Silk Way» бизнес форумы шеңберінде ТХКБ үйлестіру кеңесінің кезекті жиыны өтіп отыр. Транскаспийлік бағдар және оны дамыту бағытында аз уақыт ішінде жасалған жұмыстар жемісті нәтижелерін беруде. Осы бағдар бойынша тасымалдың бірыңғай технологиясы әзірленіп, сәйкесінше, бүгінде нарыққа ұсынып отырған бірлескен логистикалық өнімдер жасалды, сонымен қатар, тарифтік шарттарды жақсартуға қатысты тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер биылғы жылдың 4-5 айындағы статистика деректеріне жүгінсек,  онда өткен жылға қарағанда аталған бағдар бойынша тасымал өсімін байқар едік. Бұл барлық темір жол әкімшіліктерінің, порттардың, шиппингтік желілердің реттелген жұмысының нәтижесі. Біз сонымен қатар бірлесе, Қытай және Азия елдерінен Әзербайжан, Грузия және Түркия бағыттарына контейнерлік пойыздарды алға бастыру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Одан әрмен қарай бұл дәліз мүмкіндігін Оңтүстік Еуропаға, Украинаға пайдалану ойымызда бар. Біз сіздермен бірлесе  отырып, бірнеше тестілік пойыздарды өткізіп көрдік, нәтижелері жаман емес, сондықтан осы бағытта өзге көлік дәліздеріне бәсеке бола алатын тасымал шарттарын белгілеу мүмкіндігі бар. Меніңше, біз Транскаспийлік бағдар арқылы жүк ағынын тартудың соңғы кезеңіндеміз. Жалпы алғанда, жұмыс өте жақсы жүріп жатыр. Өткен айда Пекинде халықаралық делегациялар қатысқан «Бір белдеу – бір жол» форумы өтті. Онда контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру, сондай-ақ, пайдаланылып отырған трансқұрлықтық бағдарлар географиясын кеңейту сияқты негізгі мәселелер қаралды. Солардың қатарында Транскаспийлік бағдар да бар болатын. Біз бүгін осы бағдар мәселесін нарыққа қатысушылармен, экспедиторлармен талқылап, аталған көлік шешімін нарыққа ұсынатын боламыз. Бүгінгі басқосуға Транскаспийлік бағдарға қызығушылық білдірген тараптар жиналып отыр, осы сәтті пайдаланып біз ағымдық мәселелерді талқылап, алдағы күн жоспарын құрып, өз жұмысымызды ілгерілете аламыз, – дей келе Компания басшысы,  «Транскаспийлік бағдар» ассоциациясы атауын өзгерту жағын қарастыруды ұсынды, өйткені, қытай тарапынан «Middle коридор», яғни орталық дәліз деген атауды ұсынған бастама көтеріліп отырғанын жеткізді.   Қанат Қалиұлы, бүгінгі басқосуға ұқсас шараны биылғы жылдың 29-30 маусымында Қытайдың Чинду қаласында өткізуді жоспарлап отырғандарын, онда қытайлық жүк жөнелтушілермен кездесіп, Транскаспийлік бағдарды алға бастыру мәселелерін талқылайтындарын, ал қыркүйекте  әлеуетті түрік клиенттері үшін мұндай кездесуді Стамбулда өткізетіндерін атап өтті. «Жаңа Жібек жолында логистикалық хабты дамыту» мәселесіне  «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин тоқталды. Ол Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, Ұлт жоспары –  100 нақты  қадам сияқты  тапсырмаларында Қазақстанның транзитті-көліктік әлеуетін дамытуға басымдық беріліп, осы бағытта қаруар жұмыстың атқарылып жатқанын, яғни 2020 жылға дейін Қазақстан арқылы транзиттік тасымалды 2 есеге, ал 2050 жылға қарай 10 есеге ұлғайту көзделіп отырғанын мәлімдеді. –Негізгі бағдарлардағы серіктес елдермен ынтымақтаса отырып, Қазақстан инфрақұрылымы арқылы келешегі кемел транзитті бағдарларды дамыту барысында Қытай мен Еуропа арасында қосымша транзитті тасымал көлемі тартылып отыр. 2016 жылы контейнерлік тасымал көлемі Қытай мен Еуропа, Орталық Азия елдері мен Транскаспий бағдары арасында тасымалды қамтамасыз ете отырып, көп өсті. Алғаш рет Транскаспий бағдары бойынша  контейнерлік пойыз Ляньюньган портындағы қазақстандық терминалдан Стамбул бағытына ұйымдастырылды, аймақ елдерімен тығыз байланыстың нәтижесінде, Шығыс Қытай – Стамбул және Шығыс Еуропа бағдарында жылдамдық көрсеткіші 14 күнді құрайтын мультимодальды тасымалды ұйымдастырудың бірыңғай технологиясы жасалды. Транскаспий бағдары бойынша биылға межеленген контейнерлік пойыздар жоспарына келсек, ол 76 пойыз немесе 6 мыңнан астам ДФЭ, ал 2020 жылға қарай тасымал көлемін 300 мың контейнерағынына жеткізу жоспарда бар, – деді Сергей Анашкин. Оның айтуынша, Транскаспийлік бағдарды және оның әлеуеттік мүмкіндіктерін дамытудың келесі факторы болып, Грузия және Түркия аумағында инфрақұрылымдық нысандарды пайдалануға беру, соның ішінде, Карс-Ахалкалки темір жол телімін іске қосу табылмақ. Бұл өз кезегінде Түркия және онымен шекаралас елдер нарығына шығуға жол салатын дәліз бойында жүк тасымалы географиясын кеңейте түспек. Ал бір терезе қызметтері мен сервисі үшін жобаға тартылған логистикалық провайдерлер консорциумы құрылған. «Біздің бағдарда басты рольді жүк ағынын шоғырландыруға және жүктерді түрлі бағыт бойынша таратуда мультимодальды операциялардың сервисін ұсынуға мүмкіндік беретін, терминальды логистиканың заманауи инфрақұрылымы ойнамақ» дей келе, Сергей Анашкин Қазақстанда логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылған Ляньюньган портындағы қазақстандық логистикалық терминал,  «Қорғас – Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағы, Ақтау және Құрық порттарының дамуы сынды жобаларға егжей-тегжейлі тоқталып, бұл жобалар Транскаспий халықаралық дәлізінің көліктік-логистикалық жүйесінің маңызды буыны болып отырғанын атап өтті. –«ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің қызметі аясында жүк тасымалын дамыту және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тиімділігін арттыру үшін әлемдік деңгейдегі порт және терминал операторы DP World (БАӘ), Hewlett-Packard, COSCO Shipping, DHL, DB Schenker сияқты халықаралық кеңесші ірі компаниялармен  ынтымақтастықта, ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас орнатты. Біз әріптестеріміздің серіктестігін бағалап, Транскаспий бағдары жобасын дамытуға жаңа қатысушыларды шақырамыз, – деп түйіндеді сөзін Сергей Анашкин. Дөңгелек үстел барысында жиынға қатысушы елдердің темір жол компаниялары өкілдері сөз алып, өз елдерінде Транскаспий бағдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруалар легімен таныстырып, бейнеролик, слайдтарымен шолулар жасады. Келелі кеңес Қытай Коммуникациялық көлік ассоциациясы, «Польша темір жолдары»  өкілдері мен «Транскаспийлік Халықаралық  Көліктік Бағдар» ХА» ЗТБ арасында маңызды құжаттарға қол қоюмен аяқталды. Го Миньцзе, Қытай коммуникациялық көлік  ассоциациясы филиалының төрағасы: –Транскаспий  көлік бағдарының артықшылығы, ол бір дәліз, кептеліс каналы, тағысын тағы мәселелерді шешуде  Қытай – Еуропа үшін жаңа нұсқа болып отыр. Транскаспий бағдары дәлізімен бірнеше жоба сәтті жүзеге асты. Мәселен, 2015 жылы тамызда, Қытайдан шыққан  бірінші сынақ халықаралық пойызы Транскаспий бағдары арқылы Бакуге сәтті жетті. 2016 жылы Украинадан  шыққан жүк тиелген контейнерлік пойыз Қара теңіз, Грузия және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы бірінші рет Қытайға келді. Ал 2016 жылдың қазанында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия «Транскаспийлік Халықаралық  Көліктік Бағдар» Халықаралық ассоциациясын құрды. 2017 жылдың сәуірінде осы үш елдің темір жол көлігі ведомстволары ТХКБ хаттамасына қол қойды. Сөйтіп, үш ел аталған дәліздің құрылуын алға бір қадам жылжытып отыр. Әрине, Транскаспий бағдарын мінсіз деп атауға болмас. Бірқатар проблемалар бар. Бірақ, уақыт өте келе бұл кедергілер жойылады деп үміттенеміз. Бүгінгі басқосуда Қытай Коммуникациялық Көлік Ассоциациясы «ТХКБ» ХА» ЗТБ-мен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Біз Ассоциация мүшелерімен тығыз байланыста болып, Транскаспий дәлізінің интермодальды тасымалдарындағы проблемаларды бірлесіп шешетін боламыз, сөйтіп, дәліздің дамуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Мамука  Бахтадзе, «Грузия темір жолының» бас директоры: –Қазақстан мен Грузия көлік саласында стратегиялық серіктестер болып табылады. Екі елде көлік жүйелерінің тиімділігін арттыру, өткізу қабілетін ұлғайту бағытында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Үш жыл бұрын біз Қазақстан және Әзербайжан темір жолдары бірлесе «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» Халықаралық ассоциациясын құрдық, сол ұйым мүшелері бүгін Астанада басқосып отырмыз. Аз уақыт ішінде біздің бірлестік танымал болды, біз қытайлық әріптестерімізбен тығыз байланыс орнаттық. Осы жылдың соңына қарай біз Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісінің құрылысын аяқтауды көздеп отырмыз. Ол біздің темір жол жүйесін түрік темір жолдарымен байланыстырмақ, ал бұл өз кезегінде үлкен мүмкіндіктер ашады. Мысалы, Қытай мен Түркия арасындағы сауда шамамен 30 млрд долларды құрайды, Қазақстан мен Орталық Азия елдері және Түркия арасындағы сауда-саттық та өте жоғары. Демек, бұл жоба біздің сауда-экономикалық қатынасымызға жаңа серпін береді деген ойдамын.   Сикора Дариуш, «ПКП Кеңтабанды металлургиялық жолы» ЖШҚ Басқармасының коммерция және пайдалану жөніндегі мүшесі: –Өткен жылы біз Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары комитетіне қатыстық. Ал биыл, Астанадағы басқосуда «ТХКБ» ХА-на  «ПКП ЛХС»  ЖШҚ-ның қосылуы туралы келісімшартқа  қол қойып отырмыз. Польша темір жолдары кең табанды жол, демек, бұл кең табанды жол Еуропаның ішіне қарай кіреді деген сөз. Сондықтан Қытайдан және Орталық Азия елдерінен шыққан тауарлар  қайтадан тиелмей-ақ, Еуропаға келе алады. Біз Еуропа мен Орталық Азия арасында жүк тасымалының дамитынына сенім білдіріп отырмыз және кері бағытта жүк тасымалын қамтамасыз етуге қызығушылық танытып отырған клиенттердің барын да білеміз. Сол себепті Транскаспийлік бағдарды жетілдіру жолында қолымыздан келгенін аянып қалмаймыз.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП
Новости
25.11.2024
Первый контейнерный поезд отправили по обратному маршруту ТМТМ - из Баку в Сиань
Новости
25.11.2024
Новое служебное помещение для сигналистов предгорочного парка построили на станции Астана
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе
Регионы
22.11.2024
Обучение первозимников ведут на предприятиях Семейского отделения ГП
Регионы
22.11.2024
Семинар-совещание по технике безопасности провели на станции Балхаш
Новости
22.11.2024
Около сотни руководителей линейного уровня путевого хозяйства прошли обучение в Астане
Новости
22.11.2024
Вопросы в области логистики и инфраструктуры обсудили на СВМДА в Астане
Грузовые перевозки
22.11.2024
Более 160 тысяч тонн зерна погрузили в ноябре в Костанайском отделении ГП
Новости / Архив
22.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №99 от 22 ноября 2024 года
Регионы
21.11.2024
Директор специализированного мостового отряда Канат Карбозов стал обладателем «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері»
Регионы
21.11.2024
Экскурсию для подростков провели на железнодорожных предприятиях станции Илецк
Регионы
21.11.2024
Условный пожар потушили на станции Кушмурун