Қауіпсіздікті ширату күн тәртібінде
Новости
21.06.2017, 14:38
Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбековтың төрағалығымен жиын өтіп, онда станция басына мал басының шығуы және бөтен тұлғалардың белгіленбеген өткелдерден өту жайы талқыланып, оған көлік прокуратурасы және желілік ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.
Үмітбек Есмұратұлының айтуынша, ағымдағы жылдың өткен төрт айында станция басында бір мал басу оқиғасы және екі адам қағу оқиғасы орын алған. Ал Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің басшысы Ғалымбек Батырбеков өткен жылы 11 мал басу оқиғасы орын алғандығын, оның қатарында бір ғана желтоқсан айының өзінде мұндай оқиғаның үш рет болғанын жеткізді.
– Станция басында мал басу оқиғасы негізінен таңғы 6.00-7.30 уақыт аралығында және тәуліктің түнгі уақытында орын алады. Сондықтан, көру шектеуі нашар уақытта жолаушылар және жүк пойызының машинистері тежегішті басып үлгермей жатады. Ал Ірілендірілген Жамбыл жол дистанциясы қызмет көрсететін аумақтағы Жамбыл – Талас телімінде тұрғындар тығыз орналасқандықтан адам қағу оқиғасы жиі орын алады. Өткен жылы мұнда бес оқиға болды. Сондай-ақ мал иелерін анықтауда кедергілер өте көп. Кез келген қожалық иесі мал басу оқиғасынан кейін төрт түліктің өздеріне тиесілі емес екендігін айтып жалтарады, – деді ол.
Жамбыл станциясындағы ЖІІБ қызметкері Б.Есентаев өткен жылы болат жолдың бойында, яғни белгіленбеген жерден өткен 994 азамат анықталып, оның 11-не 69 993 теңге айыпұл салынғанын, сондай-ақ, болат жолдың маңында малын жайған 32 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 18-не әкімшілік айыппұл салынғанын айтып өтті. Былтыр 49 пойыз жедел тоқтауға мәжбүр болған. Оның 26-сы темір жолға бөтен тұлғалардың, 12-сі мал басының шығуына байланысты тоқтаған.
Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиев, ағымдағы жылдың төрт айында қауіпсіздік мәселесі бойынша болат жолға жақын орналасқан елді мекеннің 1625 тұрғынына және 305 мектеп оқушысына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылғанын, желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен төрт азаматқа 18 555 теңге көлемінде айыппұл салынғанын атап өтті. Жиында болат жолдың бойын қоршау мәселесі де сөз болды. Бүгінгі күні Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты аумақтарда бұл жұмыстар тек 70-75 пайызға ғана орындалыпты.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова