Үстіміздегі жылдың 18-ші шілдесінен 19-на қараған түні Астанаға №459/460 «Душанбе – Астана» бағытындағы алғашқы жолаушылар пойызы келді. Атап кетерлігі, бұған дейін екі ел астаналары ортасында тікелей темір жол қатынасы болған емес. Енді аталған бағдар «ЭКСПО – 2017» көрмесі кезінде туризмді дамытуға ықпал етпек. Пойызды іске қосу туралы шешім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Тәжік темір жолдары» МУК басшылығы арасындағы келісімге сәйкес қабылданған. Тәжікстан мен Қарақалпақстаннан кейін халықаралық пойыз бағдары Бейнеу – Сексеуіл – Жезқазған жаңа тармағы арқылы өтеді. Пойыз 9 вагоннан тұрады және Душанбеден бейсенбі күндері аттанатын болса, «Астана – Нұрлы жолдан» дүйсенбі күндері жөнелтілмек. Сонымен қатар, аталған пойызға 2017 жылдың соңына дейін барлық типтегі вагондар үшін бірқатар жеңілдік түрлері қарастырылған: егер пойыздың аттанатын уақытынан 45 күннен 31 тәулікке дейін билет сатып алынса 58%, 30 күннен 21 тәулікке дейін 52%, 20-дан 4 тәулікке дейін 46%. Толығырақ мағлұматты 105 бірыңғай анықтама қызметінен немесе темір жол вокзалдары кассаларынан алуға болады.

Сулугуль Бакесова