Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Екі жүзден аса маман дайын
1 мин чтения
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА филиалы Шымкент көлік колледжін 2016-2017 оқу жылында күндізгі бөлімде 150, сыртқы бөлімде 61 түлек бітірді.
Аталған оқу ордасы облыста алғаш болып дуальдық оқыту жүйесін қолға алған. Биылғы түлектермен қатар, осында оқитын студенттердің өзі осы жүйе негізінде темір жолдың әр саласында еңбек жолын бастап кеткен. Арнайы пән мұғалімі Нұржан Бертаевтың айтуынша, жолаушылар пойызының жолсерігінде 40 студент, «Тұлпар-талго» жүрдек пойызының борт механигінде оншақтысы кәсібін меңгеруде. Сонымен қатар, он бес түлек машинист көмекшілігінде, бесеуі станция кезекшілігінде, үшеуі диспетчер саласына төселіп қалыпты. Тағы оны диспетчер болса, оны пойыз құрастырушысы. Үшеуі электр монтері міндетін атқарса, алтауы СОБ электр-механиктері. Он студент оператор, бесеуі слесарь болып жүр. Осы тізімдегі жас мамандардың бірқатары биыл оқу орнын аяқтап, кәсібіне біржола бейімделсе, студенттері оқумен қатар жұмысты бірге алып жүрмек. Осылай, дуальдық оқыту жүйесі нәтижесін беруде.